«Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады»

Қазақтың рухани көсемі атанған Алаш ардақтысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына биыл 150 жыл толып отыр.
2022 жылдың 5-желтоқсан күні Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығы К.С.Ормантаев атындағы Балалар хирургиясы кафедрасында Педиатрия мектебінің 6 курс П17-011 топ ұйымдастыруымен А.Байтұрсынұлының 150-жылдығына арналған «Тілі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады» атты іс-шара өтті.
«Егерде біз қазақ деген ұлт болып тұруды тілесек, қарнымыз ашпас қамын ойлағандай тіліміздің де сақталу қамын қатар ойлау керек» деп Ахмет Байтұрсынұлы айтып өткендей, ана тілімізді қастерлей білейік.
Тәуелсіздік алған кезеңнен бері мерейтойы мемлекет қолдауымен әлемдік деңгейде кең ауқымда аталып өткелі отырған Алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын жоғары деңгейде өткізу – әр қазақстандықтың парызы болуы керек.