Олимпиада жеңімпаздары

Қ.К.Тоқаевтың 2020 жылдың 29 желтоқсанында қабылданған «ҚР жастарын қолдау жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары» аясында С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ гистология кафедрасы мен Педиатрия мектебі 11.04.2022 ж «Білімді жастар – еңселі ел ертеңі» атты университетішілік пәндік олимпиада өткізді.

Гистология, цитология және эмбриология бағыты бойынша өткізілген олимпиадада Педиатрия мектебінің 1-2 курс студенттерінен құралған 3 команда сайысқа түсті. Студенттердің білім деңгейі, тапқырлығы мен жүйріктігі олимпиада барысында үш кезең бойынша сыналды:

І кезең: «Нistological puzzle»

ІІ кезең: «Миға шабуыл»

ІІІ кезең: «МикроБиатлон»

 

Олимпиада қорытындысы бойынша өз қабілеттерін жоғары деңгейде көрсете отырып:

1-орын: «Жалын» тобы

Жетекшісі: гистология кафедрасының лекторы – Жанбырбаева А.К

2-орын: «Жас қыран» тобы

Жетекшісі: гистология кафедрасының ассистенті – Бекен З.Д.

3-орын: «Дәнекер» тобы

Жетекшісі: гистология кафедрасының доценті – Желдербаева М.К.

 

Олимпиаданың әділ қазы алқалары:

  • Гистология кафедрасының меңгерушісі, к.м.н., доцент – Ергазина М.Ж.
  • Гистология кафедрасының лекторы – Есполаева А.Р.
  • Педиатрия мектебінің декан орынбасары – Ибраимова Б.С.

Жеңіпаз команда зертханалық тәжірбиелер бойынша мастер-класс сертификатына ие болды.Сонымен қатар, күзде өтетін Республикалық университет аралық олимпиадаға жолдама алды.