Денсаулық фестивалі

07.04.2022 жылы Дүниежүзілік денсаулық күніне орай Педиатрия мектебі халық денсаулығын сақтау және жақсартуға үлес қосу мақсатында Алмалы ауданы жастар ресурстық орталығы және QazMed jastary жобасы қолдауымен «Денсаулық фестивалі» іс-шарасын өткізді.

  • Денсаулық фестивалі барысында университет басшылығы, студенттер және оқытушылар ректорат алаңына жиналып, би-жаттығуларын жасады.
  • Студенттер қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 1950 жылдан бері аталып өтіп келе жатқан Денсаулық күнінің маңызы, мақсаты және тарихы жайында қызықты мәліметтер айтты.
  • «Денсаулық фестивалі» өте жоғары деңгейде өтті, студенттер мен оқытушылар, қызметкерлер бой сергітіп, денелерін шынықтырып, күндерінің жақсы өтуіне керемет көңіл күй алды.