07.04.2022 жылы Дүниежүзілік денсаулық күніне орай Педиатрия мектебі халық денсаулығын сақтау және жақсартуға үлес қосу мақсатында Алмалы ауданы жастар ресурстық орталығы және QazMed jastary жобасы қолдауымен «Денсаулық фестивалі» іс-шарасын өткізді.
- Денсаулық фестивалі барысында университет басшылығы, студенттер және оқытушылар ректорат алаңына жиналып, би-жаттығуларын жасады.
- Студенттер қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 1950 жылдан бері аталып өтіп келе жатқан Денсаулық күнінің маңызы, мақсаты және тарихы жайында қызықты мәліметтер айтты.
- «Денсаулық фестивалі» өте жоғары деңгейде өтті, студенттер мен оқытушылар, қызметкерлер бой сергітіп, денелерін шынықтырып, күндерінің жақсы өтуіне керемет көңіл күй алды.