2026 жылғы 13 сәуірде Алматы қ. ҚДБ №2 мамандандырылған Балалар үйінде қайырымдылық іс-шара өткізілді.

Акцияны балалар аурулары пропедевтикасы және амбулаториялық-емханалық педиатрия кафедраларының қызметкерлері ұйымдастырды.

Іс-шара педиатрия бойынша 3 курс студенттері (П23-06, 07) және 7 курс интерндері (П19-05, 06, 08) қатысуымен Әлеуметтік волонтерлік бағдарлама шеңберінде өтті. Студенттер 0-ден 4 жасқа дейінгі балалар тұратын балалар үйінің айналасын көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын жүргізді, өсімдіктер отырғызуға орын дайындады, көгалдар, гүлдер отырғызды. Балаларға арналған оқу кітаптары, ойынға арналған кеңсе тауарлары мен жемістер сатып алынды.

Студенттер мейірімділік, еңбекқорлық, сана мен қамқорлық көрсетті. Мұндай іс-шараларды өткізу балаларға қуаныш сыйлап қана қоймай, жанашырлықтың, мейірімділіктің және әлеуметтік жауапкершіліктің маңызды үлгісі болып табылады. Іс-шараға: кафедра меңгерушілері – Н.А.Сағатбаева, Р.Ж.Сейсебаева, кафедра қызметкерлері: Ж.Ж.Нұрғалиева, Г.М.Абдуллаева, Л.Ж.Умбетова, М.А.Ералиева, екі кафедраның барлық қызметкерлері акцияға демеушілік көмек көрсетті.

Балалар үйінің басшылығы мен ұжымы барлық қатысушыларға көрсеткен мейірімділігі мен қамқорлығы үшін алғыс білдірді!