7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні. Н.А.Барлыбаева атындағы балалар аурулары кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы: Мырзабеков Г.Т., Рамазанова Ш.Х., Кабикен А.С., Албакова А.А., Stom22-050a, Stom22-051a, Стом22-022к тобының студенттерімен тәрбие жұмысының жоспары бойынша Дүниежүзілік денсаулық күніне арналған ашық сабақ өткізді
Студенттермен денсаулық дегеніміз не және ол неліктен күнделікті қарапайым әдеттерден басталатындығы жайлы талқыладық. Сабақ интерактивті форматта өтті:
🔹 «Денсаулық бағыты» станциясында жұмыс істедік
🔹 таңертеңгі жаттығуды жүргіздік
🔹 тамыр соғысы мен қан қысымын өлшеді
🔹 қандағы қанттың деңгейін өлшеді
🔹 ауыз қуысының алдын алу және гигиена дағдыларын пысықтады
🔹 «дәрігер-пациент» рөлдік ойындарына қатысты
🔹 өкпе аускультациясының аудиожазбаларын тыңдады
Студенттер теориялық білімдерін бекітіп қана қоймай, оларды тәжірибеде де қолданған 💡
💬 Соңында әркім өз өміріне бүгіннен бастап енгізуге дайын пайдалы әдетімен бөлісті
Денсаулық – аурудың жоқтығы ғана емес, біз күн сайын таңдайтын өмір салты 🤍
#Дүниежүзілік Денсаулық күні #Салауатты өмір #Медицина #Студенттер #Педиатрия #Денсаулық #Білім









