2026 жылғы 1–3 маусым аралығында Педиатрия мектебі кафедраларының кафедраішілік бақылауға (КІБ) жауапты қызметкерлері «КІБ-тің нормативтік-ұйымдастырушылық моделі» тақырыбындағы оқыту семинарына қатысты.

Семинар Академиялық сапа бөлімі тарапынан кафедраішілік бақылаудың тиімділігін арттыру, білім беру процесінің сапасын мониторингтеу тетіктерін жетілдіру және есепті дайындау мақсатында ұйымдастырылды.

Семинар барысында КІБ-ті жоспарлау және ұйымдастыру, педагогикалық бақылау жүргізу, есептілік дайындау және нәтижелерді талдау (САРА) мәселелері қарастырылды. Тренингті өткізуге Педиатрия мектебінің Сапаны қамтамасыз ету комитетінің мүшелері белсенді қатысып, кафедраішілік бақылауды ұйымдастыру бойынша өздерінің тәжірибелерімен және практикалық ұсынымдарымен бөлісті.

Алынған білім мен практикалық дағдылар білім беру сапасын ішкі қамтамасыз ету жүйесін одан әрі жетілдіруге және Педиатрия мектебі кафедралары қызметінің тиімділігін арттыруға ықпал етеді.