Профессор Н. А. Барлыбаева атындағы балалар аурулары кафедрасының студенттері 31.03.2026 ж. Ташкент Мемелекеттік медицина унверситетінде онлайн Халықаралық студенттер олимпиадасында жеңіске жетті

Ташкент Мемлекеттік медицина университеті медициналық жоғары оқу орындарының студенттері арасында 2026 жылғы 31 наурызда өткен “Авиценнаның ізбасарлары – 2026” Халықаралық пәндік олимпиадасын онлайн ұйымдастырды.

“Педиатрия” пәні бойынша жүлделі бірінші орынды 5 курс студенті, П-21-017р тобының студенті Шукенова Айнур иеленді, ғылыми жетекшісі, проф.Н.А.Барлыбаева атындағы балалар аурулары кафедрасының ассистенті, медицина ғылымдарының магистрі Манасбаева Арайлы Елубайқызы болды.

“Педиатрия” пәні бойынша жүлделі екінші орынды П-22-015р тобының 4 курс студенті Салаева Севиль иеленді, ғылыми жетекшісі, проф.Н.А.Барлыбаева атындағы балалар аурулары кафедрасының ассистенті, ғылым магистрі Сагимова Райхан Шырынбайқызы болды.

Тіркеу 2026 жылдың 3 наурызынан 25 наурызына дейін болды. өткізу тілдері: өзбек, орыс, ағылшын басталу уақыты: 10:00 (Ташкент уақыты бойынша).

Олимпиада кезеңдері: 1. Тестілеу (Google-forms) 2. Ситуациялық мәселені шешу 3. Блиц сауалнамасы (Zoom). Бір қатысушы тек бір оқу пәнін таңдай алды. Медициналық бағыт -50 пән болды.

Бұл сіздің біліміңізді көрсетудің, үздік студенттермен бәсекеге түсудің және ғылым мен медицинаның дамуына үлес қосудың бірегей мүмкіндігі!