Мәншүк Мәметованың 102 жылдығына арналған іс-шара

Академик “К.С.Ормантаев атындағы балалар анестезиологиясы және реаниматологиясы курсымен балалар хирургия кафедрасының” ассистенті Турлекиева Жамал Мамежановнаның жетекшілігімен Педиатрия мектебінің 4 курс студенттерінің, П20-10 тобының қатысуымен Мәншүк Мәметованың “102”жылдығына арналған іс-шара атап өтікізді.

Бүгінгі тәрбие сағаты есімі аңызға айналып, ерлік ісі барша ұлтты таң қалдырып, есімі тарих беттерінде алтын әріппен өрнектелген ерліктің мәңгі алауын жаққан қазақтың қызы Мәншүк Маметованың жарқын өмірі мен Ұлы Отан соғысындағы ерлік істерін ұрпаққа үлгі етіп, өнеге етуге арналады. Сан мыңдаған ер азаматтардың өмірін қиған Ұлы Отан соғысының әлемдік тарихтағы орны зор. Небір сын сәттерде Отан үшін отқа кеудесін тосқан аға ұрпақтың қатарында қазақ халқының батыр қызы соның ішінде Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова туған жерді қасиет тұтып, ата-мекенді ардақтау, Отанын қорғауда үлкен ерлік көрсетті. “Қанға боялған даласы, аңыраған анасы, жетім қалған балалар үшін шайқасты”- деп бастап өз өнерлерін көрсетті.