Халықаралық ынтымақтастық

Білім берудегі академиялық ұтқырлық саясатына орай 2012 оқу жылының мамыр айында кафедрамызға Ұлыбритания, Литва, Эстония, АҚШ, Германия елдерінен шетелдік профессорлар келді. Және осы 2012 оқу жылының 2-4 желтоқсанында Университет күндеріне арналған «Медициналық білім беру дамуындағы интернационализация» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылып, кафедра құрамындағы коммуникативтік дағдылар орталығына Джулиет Драпер аты берілді (Англия, Кембридж). Кафедрада дәстүрлі түрде «Коммуникативтік құзыреттіліктің қалыптасуы», «Жастар арасындағы өз-өзіне қол жұмсау: превенция, интервенция, поственция» т.б. тақырыптарда шеберлік сыныптары, ғылыми –практикалық конференциялар өтіп отырады.