Кафедра тарихы

ҚазММИ-дің педиатриялық циклінің алғашқы дербес кафедралары 1939 жылдың тамызында ұйымдастырылып, басшылар тағайындала бастады. Педиатрия факультетінің бала аурулары пропедевтикасы кафедрасының меңгерушісі болып бұрын Мәскеу қаласының бала емханасының бас дәрігері болып қызмет атқарған м.ғ.к. Константин Федорович Попов тағайындалды. Клиникалық базаларды ұйымдастырушы болып жас ассистент А.И. Авенирова болды. Бастапқыда оқу базасы болып Алма-Ата қаласындағы Фрунзе ауданының және Пастер көшесінің қиылысы мен (Мақатаев к-сі) Красин көшесінде (Уәлиханов к-сі) орналасқан № 1 балалар кеңесіне жалғанып салынған шағын ғимарат болды. Кеңес ғимаратында бар жоғы 25 төсектік орын сыйып, дәріс уақытында оның жартысы уақытша жылжытылып, балаларды сыртқа шығарып отырған. Нақтырақ «ҚазҰМУ (1938-1980) – де алғашқы педиатриялық кафедралармен және бала дәрігерлерін дайындау тарихы» https://kaznmu.kz/press/wp-content/uploads/2017/04/ сайтында айтылған.

1952 жылы бала аурулары пропедевтикасы кафедрасы құрылды – кафедраны 20 жыл бойы медицина ғылымдарының докторы, профессор Валентина Андреевна Лебедева басқарды (1968-1989 жж.). Лебедева В.А. – Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстандағы балалар аллергологиясының негізін қалаушы. Оның жетекшілігімен 20 кандидаттық диссертация қорғалды. Бала аурулары пропедевтикасы кафедрасы 1995 ж. Балалар аурулары кафедрасына қосылды.

1989-1996 жылдар аралығында бала аурулары пропедевтикасы кафедрасын В.А.Лебедованың шәкірті, м.ғ.д., профессор Имамбаева Татьяна Михайловна басқарды – Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі, 95-тен астам ғылыми мақалалардың, 7 оқу құралының, 2013 ж. ҚР Білім және ғылым министрлігі ұсынған медициналық университеттерге арналған «Педиатрия» оқулығының авторы. Университеттер. 1992 жылы педиатрларға арналған интернатура бөлімі ұйымдастырылды, ол кейінірек балалар аурулары кафедрасына айналды. 1996 жылы жоғары білім беруді реформалау барысында оған бала аурулары пропедевтикасы кафедрасы қосылды. Жаңа атауы – бала аурулары пропедевтикасы және эндокринология курсы бар балалар аурулары кафедрасы, оны құрылған күннен бастап 2008 жылдың қыркүйегіне дейін м.ғ.д., профессор Мажитова Зайра Хамитовна басқарды. ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі, Қазақстандағы экологиялық педиатрияның негізін қалаушы Мажитова З.Х. 300-ден астам ғылыми мақалалардың, тезистердің, 26 өнертабысқа берілетін патенттің, 3 оқулықтың, 2 монографияның авторы. З.Х. Мажитованың жетекшілігімен 4 докторлық және 26 кандидаттық диссертация қорғалды.

2006 жылдан бастап профессор, м.ғ.д., Қазақстан Республикасындағы балалар пульмонологиясының жетекші маманы Батырханов Шайхслам Килибаевичтің жетекшілігімен бала аурулары пропедевтикасы кафедрасы қайта құрылды. Оның 350-ден астам ғылыми жұмыстары, 12 әдістемелік нұсқаулары, оның ішінде монография бөлімдері, оқу-әдістемелік құралдары жарық көрді. Өнертабыстардың авторы (КСРО және ҚР). «Ульянов медициналық-биологиялық журналы» және «Қырғызстандағы денсаулық сақтау» ғылыми журналдарының редакциялық кеңесінің мүшесі, С.Ж. Асфендияров ат. ҚазҰМУ жанындағы диссертациялық кеңестер мен Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының мүшесі. Ш.К. Батырхановтың басшылығымен, заманауи балалар пульмонологиясының және педиатриядағы қарқынды терапияның өзекті мәселелері бойынша ғылыми әзірлемелер жүргізіліп, 3 кандидаттық және 2 магистрлік диссертациялар қорғалды. 2009 жылы м.ғ.д., профессор Гүлшат Мүсірепқызы Есенжанованың жетекшілігімен бала аурулары пропедевтикасы кафедрасы ішкі аурулардың пропедевтика кафедрасымен біріктірілді.

2014 жылы «Балалық шақ ерекшеліктері» модулі құрылды, модульдің жетекшісі жоғары санатты педиатр-дәрігер, ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі, тәжірибелі ұйымдастырушы м.ғ.к., доцент Измайлова Слу Хабибиевна болды. Ол 50-ден астам жарияланымның авторы, 1 инновациялық патенті бар, ERASMUS + ұлттық ғылыми грантына қатысушы. 2016 жылы педиатрлық барлық кафедраларын (жұқпалы және хирургиялық кафедраларын қоспағанда) бірыңғай балалар аурулары кафедрасына біріктіруге байланысты №1 Модуль курс болып қайта құрылды.

Курстың меңгерушісі м.ғ.к., доцент Абдуллаева Гүлбан Махаметжановна болды, ол жоғары санатты педиатр-дәрігер, Қазақстан Республикасының жетекші неонатологы, неонатологтар мен балалар медицинасы мамандары ассоциациясының мүшесі (2018), «Анестезиологтар мен реаниматологтар федерациясы» РҚБ-нің құрметті мүшесі (2017). Ресей педиатрлар одағының мүшесі (2015), Ресей Федерациясы неонатологтар қауымдастығының мүшесі (2012), бала емізу жөніндегі ұлттық координатор. Мамандығы бойынша 100-ден астам ғылыми еңбектер, оның ішінде 2 әдістемелік ұсыныстар жарияланған. ҚР неонатология бойынша клиникалық хаттамалардың, 1 өнертабыстың және 3 инновациялық патенттердің авторы. 2018 жылдан бастап «Қазақстанның анестезиологиясы және реаниматологиясы» ғылыми журналының редакция алқасының мүшесі. 2020 жылдан бастап Педиатрия бойынша Білім беру бағдарламасының мүшесі.

2017 жылы Университеттің Ғылыми Кеңесінің шешімімен курс дербес «Бала аурулары пропедевтикасы» кафедрасы болып құрылды – кафедраны м.ғ.к., доцент Измайлова С.Х. басқарды.

2020 жылдың қыркүйек айынан бастап «Бала аурулары пропедевтикасы» кафедрасын м.ғ.к., доцент, педиатр-дәрігер Сағатбаева Нұргүл Абайқызы басқарды, мамандық бойынша 30-дан астам ғылыми жұмыстар жарық көрген, соның ішінде 2 әдістемелік нұсқаулар, 1 патент, 1 монография бар. Алматы қаласындағы №2.

 

 

 

 

 

 

 

Сағатбаева Нұргүл Абайқызы 1994 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтының педиатрия факультетін бітірген. 1994 жылдан 1998 жылға дейін АММИ тамақтану кафедрасының ассистенті болып жұмыс істеді.

1998 жылдан 2000 жылға дейін – С. Ж. Асфендияров ат. ҚазҰМУ бала аурулары пропедевтикасы және эндокринология курсымен педиатрия кафедрасында тағылымгер–зерттеуші болып жұмыс істеді. 2000 жылы Педиатрия мамандығы бойынша аспирантураға С.Ж. Асфендияров ат. ҚазҰМУ-нің Педиатрия кафедрасына балалар аурулары пропедевтикасы және эндокринология курсымен оқуға түсті.

2002 жылы м.ғ.к. атағын алумен, «Арал өңірінің экологиялық қолайсыз өңірінде тұратын балалардың иммуногенетикалық мәртебесін бағалау» тақырыбына кандидаттық диссертациясын қорғады.

2002-2009 жж. Республикалық қан орталығының ғылыми бөлімінде алдымен АҒҚ, содан кейін бөлім басшысы болып жұмыс істеді.

2009-2015 жж. – С.Ж. Асфендияров ат. ҚазҰМУ №1 балалар аурулары кафедрасының ассистенті.

2015-2020 жж. С.Ж. Асфендияров ат. ҚазҰМУ патофизиология кафедрасының оқытушысы, доценті болды.

2020 жылдың қыркүйек айынан бастап балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасының меңгерушісі болып тағайындалды.

Педиатрия Білім беру бағдарламасының төрағасы, Педиатрия ПБТ мүшесі.