Педиатрия мектебінің 6 курс интерн Амангелді Жанерке Жангелдіқызы

Амангелді Жанерке Жангелдіқызының Милан (Италия) қаласында 21-24 мамыр 2022 жылы өткен Эндокринологтардың 24-ші Еуропалық конгрессінде(ЕСЕ) ғылыми жобалардың жарияланған жиынтық кітабында, ғылыми зерттеу жобасы жарияланды. Ғылыми жоба «Қант диабетінің l типімен сырқаттанған балалар арасындағы қалқанша безінің құрылымының дисфункциясы» атты
мақаласы жарық көрді. Қорытынды: 1 типті қант диабеті бар науқас балаларда қалқанша безінің дисфункциясы 60,0% дерлік анықталады. Айта кету керек, біріншілік гипотиреоз қалқанша безінің барлық дисфункциясы арасында 1 типті қант диабетімен ауыратын әрбір үшінші балада тіркеледі. 1 типті қант диабетімен ауыратын науқастардың 39%-ында қалқанша безінің патологиясының диагностикалық критерийлеріне кірмейтін және жеке зерттеуді қажет ететін TТГ, бос T4, бос T3 гормондарының деңгейінде әртүрлі ауытқулар болды. Ғылыми жоба жетекшісі: м.ғ.к., профессор Нургалиева Жанар Женисовна, медицина ғылымдарының магистрі Манасбаева Арайлы Елубаевна