Ташкент Мемлекеттік медицина университеті медициналық жоғары оқу орындарының студенттері арасында 2026 жылғы 31 наурызда өткен “Авиценнаның ізбасарлары – 2026” Халықаралық пәндік олимпиадасын онлайн ұйымдастырды.
“Педиатрия” пәні бойынша жүлделі бірінші орынды 5 курс студенті, П-21-017р тобының студенті Шукенова Айнур иеленді, ғылыми жетекшісі, проф.Н.А.Барлыбаева атындағы балалар аурулары кафедрасының ассистенті, медицина ғылымдарының магистрі Манасбаева Арайлы Елубайқызы болды.
“Педиатрия” пәні бойынша жүлделі екінші орынды П-22-015р тобының 4 курс студенті Салаева Севиль иеленді, ғылыми жетекшісі, проф.Н.А.Барлыбаева атындағы балалар аурулары кафедрасының ассистенті, ғылым магистрі Сагимова Райхан Шырынбайқызы болды.
Тіркеу 2026 жылдың 3 наурызынан 25 наурызына дейін болды. өткізу тілдері: өзбек, орыс, ағылшын басталу уақыты: 10:00 (Ташкент уақыты бойынша).
Олимпиада кезеңдері: 1. Тестілеу (Google-forms) 2. Ситуациялық мәселені шешу 3. Блиц сауалнамасы (Zoom). Бір қатысушы тек бір оқу пәнін таңдай алды. Медициналық бағыт -50 пән болды.
Бұл сіздің біліміңізді көрсетудің, үздік студенттермен бәсекеге түсудің және ғылым мен медицинаның дамуына үлес қосудың бірегей мүмкіндігі!


