Балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасының визитинг-профессоры — Ресей ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, медицина ғылымдарының докторы, профессор ФУРМАН Евгений Григорьевич

2026 жылғы 19–29 мамыр
Алматы қ.,
Қазақстан

2026 жылғы 19–29 мамыр аралығында С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-ң, Балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасы Педиатрия мектебінің клиникалық базаларда ресейлік ғалым, тәжірибелі дәрігер, әрі педиатрия ғылымының көрнекті қайраткері Евгений Григорьевич Фурманның визитинг-профессор ретінде келуін ұйымдастырды.

Фурман Е.Г. – медицина ғылымдарының докторы, профессор, академик Е.А. Вагнер атындағы Пермь мемлекеттік медицина университетінің педиатрия кафедрасының меңгерушісі, Ресей ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, балалар пульмонологиясы, аллергологиясы және педиатриядағы орфанды аурулар саласына маманданған. Фурман Е.Г. 233 ғылыми еңбек, 11 патент, 9 монография, 11 оқу құралы, 7 клиникалық ұсыным, «Балалар пульмонологиясы» атты 2 ұлттық нұсқаулықтың авторы. Scopus базасында 47 жарияланымы бар, h-index көрсеткіші – 5. Профессор Фурман Е.Г. 7 PhD диссертацияның ғылыми жетекшісі болып табылады.

Визитинг-профессор бағдарламасы келесі клиникалық базаларда өткізілді: №2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасы (Алматы қ. ҚДСБ №2 БҚКА) – сапардың негізгі алаңы ретінде, мұнда білім беру іс-шараларының басым бөлігі ұйымдастырылды; Педиатрия және балалар хирургиясы ұлттық ғылыми орталығы (ҚР ДСМ ПБХҰҒО) – республикалық маңызы бар жетекші мекеме; ҚазҰМУ-дың «Ақсай» университеттік клиникасы – заманауи көпсалалы клиникалық орталық; сондай-ақ AnaMedForum (университеттің Төле би көшесі, 94 мекенжайындағы бас ғимараты) – Қазақстандағы жетекші халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы.

Он күнге созылған мазмұнды бағдарлама аясында профессор Фурман Е.Г. 16-дан астам дәріс оқып, 6 семинар өткізді. Онда қазіргі педиатрия мен балалар пульмонологиясының өзекті мәселелерінің кең ауқымы қамтылды.

Бағдарламаның ең мазмұнды бөліктерінің бірі болған шеберлік сабақтары ерекше қызығушылық тудырды. Бронхиалдық астманы бақылау, бронхөкпелік патологияларды диагностикалау мен емдеудің жаңа тәсілдері, өкпенің ультрадыбыстық диагностикасы, сондай-ақ балалардағы аллергиялық аурулардың генетикалық аспектілері бойынша тәжірибелік сабақтар резиденттерге, жас ғалымдарға және тәжірибелі дәрігерлерге клиникалық ойлаудың мүлде жаңа мүмкіндіктерін ашты.

2026 жылғы 21–22 мамырда университет ұйымдастырған III халықаралық AnaMedForum аясында өткен Жас ғалымдар байқауы қазылар алқасына профессор Фурман Е.Г.-нің төрағалық етуі қазақстандық ғылыми қауымдастық үшін үлкен мәртебе болды. Оның жас зерттеушілердің жұмыстарын бағалауға қатысуы байқауға халықаралық деңгейдегі сараптамалық оқиға мәртебесін беріп, ғылыми деңгейінің жоғары болуын қамтамасыз етті.

Осы маңызды сапардың қорытындысында ҚазҰМУ-ң Балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасы мен академик Е.А. Вагнер атындағы ПММУ-ң Педиатрия кафедрасы арасында бірлескен ғылыми-тәжірибелік қызметті жоспарлау және құжаттарға қол қою рәсімі өтті. Екі жақ келесі нақты бағыттарды белгіледі: жетекші рецензияланатын басылымдарда бірлескен ғылыми мақалалар мен монографияларды жариялау; педиатриялық тәжірибе үшін бірлескен клиникалық ұсынымдар мен әдістемелік құралдарды әзірлеу; ҚазҰМУ резиденттері мен докторанттарына арналған білім беру бағдарламалары мен тағылымдамаларды ұйымдастыру; балалар пульмонологиясы, аллергологиясы және орфандық аурулар саласындағы ғылыми ынтымақтастықты жалғастыру; қайталама сапарлар мен халықаралық бірлескен конференцияларға қатысуды жоспарлау.