28.03.2026 күні балалар аурулар пропедевтикасы кафедрасының оқытушысы Тургимбекова Н.Ж және кураторлық Пед22- 002тобы студенттерімен кинотеатрға барды.

Адамдар үшін киноға бару, жалпы алғанда, демалудың қолжетімді тәсілі болып табылады, оның барысында олар жағымды және пайдалы танысулар жасай алады, сонымен қатар адамның жеке басының дамуына оң әсер ететін көптеген эмоцияларды бастан кешіреді. Осыған орай 28.03.2026 күні балалар аурулар пропедевтикасы кафедрасының оқытушысы Тургимбекова Н.Ж және кураторлық Пед22 – 002 тобы студенттерімен кинотеатрға барды. Студенттердің қалауы «Ерекше» фильміне түсті. Фильм паралимпиадалық бочча спортымен айналысатын, ерекше қажеттіліктері бар жандардың өмірі, махаббат, рух беріктігі мен жеңіске деген ерік-жігері туралы баяндайды. Фильмнің мақсаты- инклюзивті қоғамды қолдау, мүгедектігі бар жандардың рухын көрсету.Фильмнің соңында студенттер алған әсерлерімен бөлісті.