Биылғы наурыз айының ортасында мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев қос палатаның бірлескен отырысында, Қазақстан xалқына «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты кезекті Жолдауын жариялады.
- Мемлекет басшысының жолдауын білім алушылардың арасында насихаттау, дәріптеу мақсатында 04.04.2022ж Педиатрия мектебінің 1-курс студенттері дөңгелек үстел өткізді
- Өз жолдауында мемлекет басшысы еліміз үшін тың бастамалар мен ұтымды шешімдер қабылдады. Жолдаудың бір тармағында президентіміз қоғамның қозғаушы күші – білімді жастар екендігін алдыға тартты. Дөңгелек үстел барысында 2022 жылғы Президент жолдауының құрылымы талданып,ой елігінен өткізілді. Жаңа Қазақстанды құру жолында жастардың қосатын үлесі жайында ұтымды идеялар мен пікірлер ортаға салынды.
- Пікір алмасумен қатар, дөңгелек үстел үстінде студенттер киіз үйді ортақ үйіміз – Қазақстан ретінде қарастырып, әр бірі оның дамуына қосқан үлесі ретінде бір-бір уықтан керегесіне қадады.
- Дөңгелек үстел жастар үшін тың деректер мен қызықты ақпараттар және креативті ойындар негізінде өте жоғары деңгейде өтті.
-