27.05.2022 күні «Балалар жылына» орай, «1 маусым – балаларды қорғау» күні мерекесінің қарсаңында, Н.А.Барлыбаева атындағы балалар аурулары неонатология курсымен кафедрасы қызметкерлері профессор м.ғ.д. Божбанбаева Н.С. жетекшілігімен, «Алматы аймақтық балалар клиникалық ауруханасымен» бірлесіп, Алматы облысының аймақтық дәрігерлерді шақырып «Неонатология және педиатрия саласындағы өзекті мәселелер» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Онда неонатология, педиатрия және хирургия саласының өзекті мәселелері қызу талқыға түсті.