АҚПАРАТТЫҚ ХАТ Құрметті әріптестер! С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің Педиатрия мектебі және профессор Н. А. Барлыбаева атындағы балалар аурулары кафедрасы, Сіздерді 2026 жылғы 12-13 Наурызда «БАРЛЫБАЕВА ОҚУЛАРЫ» Халықаралық қатысуымен Республикалық ғылыми – практикалық конференцияға қатысуға шақырады.

Барлыбаева оқулары

«БАРЛЫБАЕВА оқулары»

Халықаралық қатысуымен республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция

Конференция практикалық денсаулық сақтау дәрігерлерінің балалар денсаулығының проблемаларына ғылыми қызығушылығын қолдау мақсатында өткізіледі. Осы конференция аясында орфандық аурулар мәселелері бойынша мастер класс, сондай-ақ жас ғалымдар конкурсы (постерлік баяндамалар) өткізіледі.

Конференцияның негізгі ғылыми бағыттары:

  • Балалар патологиясының клиникалық аспектілері
  • Неонатология мәселелері
  • Балалар психо-неврологиясы мәселелері
  • Педиатрдың тәжірибесіндегі орфанды аурулар
  • Педиатрдың тәжірибесіндегі әлеуметтік маңызды аурулар
  • Педиатриядағы вакциналық алдын алу
  • Педиатриялық тәжірибедегі медициналық оңалту
  • Дені сау және науқас баланың тамақтануы
  • Педиатриядағы шұғыл жағдайлар
  • Педиатриядағы цифрландыру және жасанды интеллект

12 наурызда Baylor College of Medicine (АҚШ, Хьюстон) профессоры Fernando Scaglia «Педиатриялық тәжірибедегі митохондриялық аурулар» тақырыбында халықаралық шеберлік сабағын өткізеді.

Өтетін орны: Алматы қ., Apart Hotel «RAAVAH», Жетісу-2 мөлтек ауданы, 69/3

Тіркеу: 08:00 басталады

Тілдері: қазақ, орыс, ағылшын

Форматы: гибридті-офлайн және онлайн

Сертификат: Конференция соңында 16 СБ сертификаты беріледі

Қатысушылар: оффлайн 100-120 адам; онлайн шектеусіз

Тіркелу және трансляция сайты: https://medq.kz/events/4412

Тапсырудың соңғы мерзімі: 20 ақпан 2026 жыл

Постер презентация дизайнына қойылатын талаптар:

  1. Постер презентациясының тақырыбы;
  2. Автор(лар)дың толық аты-жөні;
  3. Зерттеу жұмысының жетекшісінің Т.А.Ә.;
  4. Мекеменің, қаланың, елдің атауы;
  5. Негізгі бөлім (кіріспе, әдістер, нәтижелер, қорытынды, әдебиеттер);
  6. Өлшемдері – 95 x 110 см (PDF форматында).

1-қосымша: Тыңдаушыны тіркеу формасы

Аты жөні
Медициналық ұйым/университет атауы
Лауазымы, мамандығы
Мастер-классқа қатысу (+ / -) +          –
Байланыс телефоны, е-mail

Конференцияның ұйымдастыру комитеті:

Аипов Р.Р. (Педиатрия мектебінің деканы): 87772399950, [email protected]

Ташенова Г.Т. (м.ғ.д., кафедра меңгерушісі): 87017224051

Мырзабекова Г.Т. (м.ғ.д., профессор): 87013849207, [email protected]

Рамазанова Ш.Х.: 87017995665 | Садыкова А.Ж.: 87017316693 | Тулебаева А.К.: 87014086560

Проректор: Калматаева Ж.А.