2026 жылғы 30 қаңтарда С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті КеАҚ-ның «Балалар жұқпалы аурулары» кафедрасы Алматы қалалық Балалар қалалық жұқпалы аурулар клиникалық ауруханасында (БҚЖАКА) кафедраның клиникалық базасында «АИТВ-инфекциясы» тақырыбында іс-шара өткізді.

Іс-шара барысында интерндер қазіргі кезеңдегі АИТВ-инфекциясының маңыздылығы мен өзектілігін түсіндіріп, әлемде және Қазақстан Республикасында АИТВ-инфекциясы бойынша статистикалық деректерді, жұғу жолдарын, клиникалық көріністерін және алдын алу жолдарын талқылады.

Іс-шараны 6-курс интерндері Пед20-016(орыс), Пед20-017(орыс) және ассистент-профессор Мұхалиев Е.Е. өткізді.

Қатысушылар:

  • кафедра меңгерушісі, профессор Қатарбаев А.К.;
  • қауымдастырылған профессорлар Г.К. Ксетаева, А.Т. Джумабекова, Қ.А. Умешева, Г.Ж. Оналбаева, А.Ж. Танирбергенова;
  • лектор Литош Э.С.;
  • ассистент З.Т. Егеубаева;
  • ассистент-профессор Мұхалиев Е.Е.;
  • 6-курс интерндері Пед19-01(к), Пед19-02(к);
  • 7-курс интерндері Пед19-019(орыс), Пед19-020(орыс), Пед19-021(орыс), Пед19-022(орыс).