20 қараша -Халықаралық педиатр күні!

Бүгін 21.11.2025 ж. «№2 қалалық балалар клиникалық ауруханасы» базасында профессор Н.А. Барлыбаева атындағы балалар аурулары кафедрасы Халықаралық Педиатр күніне арналған іс-шара өткізді. Бұл шараның ұйымдастырылуына және өтуіне кафедра оқытушыларымен қатар білім алушылар да белсене қатысты. Шараны кафедра меңгерушісі Ташенова Гульнара Талиповна ашып, құттықтау сөз сөйледі. Бағдарлама аясында кафедраның қауымдастырылған профессоры Рамазанова Шолпан Хамзаевна Қазақстандағы педиатрияның дамуы жөнінде баяндама жасады. Келесіде кафедраның қауымдастырылған профессоры Садыкова Алтынай Женисовнаның басшылығымен «Жалпы медицина» мамандығының 4 курс 22-080 тобының студенттері Zeyad Hassan «Түркиядағы педиатрияның тарихы», M.Ahshika, B.Iqbal «Development of pediatrics in India» тақырыптарына көрсетілім жасады.

Бұл шараның жалғасы ретінде кафедраның профессор ассистенті Баякова Карлыгаш Темирбековнаның басшылығымен Педиатрия мамандығының П20-009к тобының интерн-дәрігерлері дайындаған балалар ауруларының диагностикасы тақырыбына қызықты викторина жүргізіліп, жеңімпаздар анықталып және ынталандыру сыйлықтары үлестірілді.

Сондай-ақ ассистент Албакова Альбина Альвертовнаның ЖМ 4 курс 22-058р тобы да тақырыптық викторина жүргізіп, “Қазақстандағы Педиатр күні: халық денсаулығына үлес” тақырыбына көрсетілім жасады. Кафедраның профессор ассистенті Исаева Нурайим Дуйсеналиевна басшылығымен Мед22-030к тобының студенттері Педиатр күніне арнап қысқаша бейне-құттықтау жасады.

Профессор Мырзабекова Гулшара Туребековна басшылығымен П 24-01, 02, 03, Эндокринология 25-01, 02, 03 тобының резиденттері және профессор ассистенті Манасбаева Арайлы Елубаевнаның басшылығымен Мед 22- 033 к тобының студенттері осы шараны ұйымдастыруға және залды безендіруге белсенді ат салысты.

Дүниежүзілік педиатр күні – балалар дәрігері мамандығының маңыздылығын және өскелең ұрпақтың денсаулығын қорғаудағы оның рөлін айқындайтын мереке. Педиатрия мектебінің оқытушылары білім алушылармен бірге іс-шараға белсенді қатысып, оны жарқын, қызықты және танымдық етіп өткізді.

Мұндай іс-шаралар болашақ педиатрлардың кәсіби санасын қалыптастыруда және ішкі мотивациясын арттыруда маңызды рөл атқарады, сондай-ақ олардың таңдаған мамандыққа деген қызығушылығын күшейтіп, көзқарасын кеңейтеді.