18.11.2024-30.11.2024 аралығында Шымкент қаласы «Оңтүстік Қазақстан Медициналық Академиясында»…

Біз С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-да Амбулаторлық-емханалық кафедрасынан қауымдастырылған профессор Ажахметова Мира Зекенқызы мен ассистент Бокетова Бибигул Нусипқожақызы 18.11.2024-30.11.2024 аралығында Шымкент қаласы «Оңтүстік Қазақстан Медициналық Академиясында» “Педиатрия -1″ кафедрасына ” ЖТД-ғы балалар кардио-ревматологиясы “пәні бойынша академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқу тәжірибе алмасып келдік. Өткен күндер саны – 10.

18.11.-30.11.2024ж аралығында ” ЖТД-ғы балалар кардио-ревматологиясы “пәні бойынша академиялықұтқырлықбағдарламасыбойынша оқу тәжірибе сағат 8.00-де кафедраментанысқаннанкейінсабақтарбасталды.

Кестебойынша 7 курс ІПҚ-01-23, ІПҚ-02-23 интерн топтарына ” ҚР балаларына амбулаторлық-емханалық кардиологиялық көмекті ұйымдастыру “тақырыбындасабақөткіздік,тиісіншеоқыту,жоғарыдеңгейде өтті .

ОҚМА Силлабустарының мазмұны ҚазҰМУ оқу бағдарламасының силлабусына ұқсас болды. Студенттер 2 күн ішінде әдістемелік материалдар, бейне дәрістер алды (офлайн дәрістер жоқ).

Сондықтан SBL оқыту әдісін қолдандық. Жалпы, топтар белсенді, білімдері жақсы деңгейде. Ауруханаға пациенттерге барып, науқастарды қарап, ауру тарихтарын талқыладық.

7 курс ІПҚ-01-23, ІПҚ-02-23 интерн топтарымен «Қан айналымының үлкен шеңберіндегі қан ағымына кедергі келтіретін туа біткен жүрек ақаулары.Қолқа сағасының стенозы» тақырыбын талқылап, ситуациялық есептер шығарып, тест тапсырмаларын шештік.

18.11.-30.11.2024 аралығында Облыстық балалар ауруханасында жатқан науқас балалардың 7 курс интерндермен бірге ауру тарихын талқыладық. Анализдерге талдау жүргіздік, ЭКГ ерекшеліктерін сипаттадық.

Білім алушылар жоғары деңгейде дайындалып, клиникалық дағдыларын тікелей науқастың төсегінде көрсетті. Практикалық сабақтар ресми түрде 2 сағат 50 минутқа созылады.

Оқытушылар оқу процесінде әртүрлі оқу материалдарын пайдаланады: шетелдік авторлардың Оқу құралдары, бейне дәрістер, ғылыми сайттар және білім алушыларға арналған әдістемелік ұсыныстар. Формативті бағалар чек парағына сәйкес қойылып, сабақтың соңында өткізілетін ауызша, жазбаша жауаптар мен тест жауаптарымен қорытындыланды.

Сонымен қатар ОҚО, «Облыстық балалар ауруханасында» аурухана қызметкерлеріне БАБЖ бағдарламасының «Ауруханадағы балаларға көмек көрсету»қалталы анықтама бойынша мастер класс жүргізілді.
Шалғай аудандардағы медицина қызметкерлеріне «Әмбебап прогрессивті моделі» бойынша шеберлік сағаты ұйымдастырылды.

«Облыстық балалар ауруханасында» жатқан жағдайы ауыр науқастарға реанимация,пульмонология,кардио-ревматология,шала туылған нәрестелер бөлімдерінде практикалық көмек көрсетіліп,кеңестер берілді және диагностикалық емшаралары талқыланды.

Университеттің инфрақұрылымы өте жақсы, жатақханада да, кампустарда да спорт залдары бар, WI-Fi үздіксіз жұмыс істейді, кітапханада қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өте бай әдебиет қоры бар.Жалпы, тәжірибе алмасуды қабылдау оң, оқытудың пайдалы әдістері мен іс-шаралар болды, интерн-дәрігерлермен қарым-қатынаста баға жетпес тәжірибе жинақталды.