16 желтоқсанда педиатрия мектебінің балалар анестезиологиясы және қарқынды терапия кафедрасының ұжымы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін атап өтті

16 желтоқсан күні С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ педиатрия мектебінің Балалар анестезиологиясы мен қарқынды ем кафедрасы ұжымы, асс профессоры Турлекиева Жамал Мамежанқызының жетекшілігімен Шымбұлақ тау шаңғысы курортына қарама-қарсы Іле Алатауының сілемінде орналасқан әсем Горельник шатқалына іс-шара өткізді. Осы іс-шара Талай ғасыр ата- бабаларымыз аңсаған Ұлы мереке Қазақстан Республикасының – Тәуелсіздік күніне арнады! Тәуелсіздігіміздің тұғыры берік болсын! Бұл – біздің көк туымыз мәңгі аспанда желбіресін!