Бүгін, 14.11.2024 ж., Астана медицина университетінің педиатрия факультетінің дебат клубы «Балалардағы пневмония» тақырыбында іс-шара ұйымдастырды. Бұл қызықты әрі танымды талқылау Астана медицина университетінің интерндері мен С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің бакалавр студенттері мен интерндері арасында өтті. Пікірталас үлкен қызығушылық тудырып, тәжірибе мен білім алмасудың пайдалы алаңына айналды. Алдағы уақытта осындай іс-шараларды жалғастыру жоспарлануда, бұл студенттер мен интерндердің кәсіби дағдыларын дамытуға және медицина саласындағы білімдерін кеңейтуге мүмкіндік береді.
https://www.instagram.com/reel/DCZjSnnM6lN/?igsh=cHMxYTl5cm1mZW4w