Оқу-әдістемелік жұмыс

«Педиатрия» және «Жалпы медицина» мамандықтары бойынша, МЖМБС-2017 сәйкес және бакалавриаттың білім беру бағдарламалары бойынша 3-курс студенттері үшін «Бала аурулары пропедевтикасы–1″, «Бала аурулары пропедевтикасы–2″ пәндері бойынша, «Ішкі аурулар практикасындағы сұхбат және зерттеудің физикалық әдістері” элективі бойынша, «Мамандыққа кіріспе», «Поцедуралық медбикенің көмекшісі» оқу – өндірістік тәжірибе бойынша 3 тілде силлабустар дайындалды. Кафедраның ПОҚ жыл сайын 3 курс модульдеріне арналған силлабустарды әзірлеуге белсенді қатысады. «Бала аурулары пропедевтикасы” пәні бойынша оқу-әдістемелік құралдар мен анықтамалықтар шығару жоспарлануда.

Кафедра қызметкерлері клиникалық базаларда емдік-кеңес беру қызметтерін көрсетеді, қаланың тәжірибелік дәрігерлеріне семинарлар мен мастер-класстар өткізеді, клиникалық талдауларға қатысады, ауру тарихына сараптама жүргізеді және өлім жағдайларын зерттеу комитетінің жұмыстарына, патолого-анатомиялық конференцияларға қатысады.

Оқытушылардың 80% – ы жоғары білікті дәрігерлік санатқа ие.