Коммуникативтік дағдылар кафедрасы медициналық қызметкерлердің коммуникативтік біліктілігін жетілдіру бағытында университет бойынша ғылыми және әдістемелік орталық болып табылады.
Жыл сайын оқыту үдерісін оңтайландыру мақсатында емтихан тестері, жұмыс бағдарламалары, әдістемелік нұсқаулар өңделіп, толықтырылып, жаңартылады және кафедра мәжілісінде талқыланып, бекітіледі.
Оқу үдерісі мен сабақ беру сапасын жақсарту мақсатында кафедра ОПҚ оқу-әдістемелік семинарлар мен конференцияларға белсенді түрде қатысып, психология, педагогика және коммуникативтік дағдылар бойынша білім жетілдіру курстарынан өтіп отырады. Кафедрада оқытудың үш тілділік принциптері белсенді түрде қолданылып, барлық оқытушылар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сабақтар өтеді.
Барлық кабинеттер компьютер, проектор және интерактивтік тақталармен жабдықталған.
Оқу-әдістемелік құралдар:
- Оқу құралы: «Стандартизированный пациент в системе медицинского образования». Дощанов Д.Х. 144 б. Алматы 2015, ISBN 9965-9086-7-2.Эверо 2015.
- Оқу құралы: «Сообщение плохих новостей». Дощанов Д.Х., Асимов М.А. 100 б. Алматы, Эверо-
- Оқу-әдістемелік құрал: «Интеграция негізінде оқытуды ұйымдастыру (орта және жоғары мектеп тәжірибесінде». Авторлары: Абсатова М.А.,Оралбекова А.К., Ахметова А.И., Кожамжарова К.О., Умирбекова А.И., Ибраева М.К. 132 б. Алматы, 2015.
- «Дәрігердің мінез-құлық моделі. Бихевиористика»: оқулық/ М.А. Асимов, Ф.А. Багиярова, Т.В. Фоменко, И.А. Гончарова/ Қарағанды: «Ақнұр» баспасы, -2017.-228 бет.
- «Дәрігер мамандығына кіріспе. Клиника, құқық, этика және коммуникация негіздері»: оқулық/ М.А. Асимов, Г.О. Оразбакова, С.Х. Мадалиева, Ф.А. Багиярова, Г.Б. Испаева, Л.М. Адилова/ Қарағанды: «Ақнұр» баспасы, -2017.-232 бет.
Авторлық оқу видео-фильмдер (орыс) – 18:
Медициналық интервью аясында дәрігердің науқаспен қарым-қатынас типтері.