15 қараша 2024 жылы Балалар аурулары Пропедевтикасы кафедрасының оқытушысы Тургимбекова Н.Ж бастаған кураторлық П22-001 тобы” Алатау “дәстүрлі өнер театрының”Абай-Тоғжан” спектаклінің премьерасына қатысты
Театрға бару жұмаға жоспарланған болатын. Таңдау “Абай-Тоғжан” музыкалық драмасына түсті .Студенттер спектакльді ең қызықты және өзекті деп санады. Билеттер алдын ала сатып алынды.
15 желтоқсан сағат 18:30 да«Алатау» дәстүрлі өнер театрында халқымыздың ұлы ақыны, философ, ғұлама Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған «Абай-Тоғжан» музыкалық драмасы өтті. Қойылымда адамзаттың Абайына айналған ұлы хакімнің жалынды жас кезінде тұңғыш рет ел ісіне ден қоя бастаған кезеңі суреттеледі. Семейдегі оқуын аяқтамай жатып, Абайды әкесі Құнанбай елге алдырып, халық арасындағы өзекті мәселелерге араластыра бастайды.Ел тағдыры үшін маңызды шаруамен Сүйіндік ауылына келген Абай Тоғжанды көріп, жүрегінде махаббат оты тұтанады. Сол заманның дәстүрімен атастырылып қойған екі жас шарасыздықтан махаббаттарын құрбан етеді. Атаулы музыкалық драмада Абай әндері мен дәстүрлі халық әндері қоса өріліп, қойылымның сырлы мазмұнын, дәуір тынысын Абай Құнанбайұлының қилы тағдыры баяндалады.