Кафедра құрамы

Кусаинов

Құсайынов Абай Зкрияұлы. м. ғ. к. ассоцирленген профессор, кафедра меңгерушісі.
1988 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтына оқуға түсті.
1985 жылдан 1987 жылға дейін Алматы мемлекеттік медицина институтының базасында “Балалар хирургиясы” мамандығы бойынша балалар хирургиясы кафедрасында екі жылдық клиникалық ординатурадан өтті.
01.09.1995 – 14.09.2004 жж. – ҚазҰМУ балалар хирургиясы кафедрасының ассистенті.
2001 жылы “Балалардағы білек сүйектерінің сынуын емдеу” тақырыбы бойынша кандидаттық диссертация қорғады
14.09.2004 ж. – 18.01.2006 Ж. Ж. – ҚазҰМУ педиатрия факультеті деканының орынбасары.
18.01.2006-07.07.2010 жж. – С. Д. Асфендияров атындағы балалар хирургиясы кафедрасының доценті.
2010 – 2022 ж.ж. — ” ШЖҚ МКК Балалар шұғыл медициналық көмек орталығы” – бас дәрігері.
С. Д. Асфендияров атындағы “ҚазҰМУ” КЕАҚ балалар хирургиясы кафедрасының меңгерушісі.
2022 жылдың тамыз айынан бастап Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының басқарма төрағасы.
1 монография жариялады, 80-нен астам ғылыми жарияланымдары бар.
Жоғары санатты балалар хирургі дәрігері.


Кафедра құрамы

Тұрсынов Қапан Тұрсынұлы
ТурсуновТұрсынов Қапан Тұрсынұлы м.ғ.к., профессор.
1973 жылы АММИ педиатрия факультетін бітіріп, 1981 жылы Мәскеуде кандидаттық диссертациясын қорғады. 1985 – 1988 жылдары шетелде балалар хирургы болып жұмыс істеді (Алжир).
Балалар хирургиясы кафедрасында (АММИ) 1978 жылдан бастап ғылыми қызметкер, 1989 жылдан ассистент, 1994 жылдың қараша айынан бастап доцент, 2009 жылы “ҚазҰМУ профессоры”академиялық атағы берілді. 2010 жылы конкурс бойынша кафедра меңгерушісі, ал 2014 жылдан бастап ҚазҰМУ балалар хирургиясы кафедрасының профессоры лауазымына сайланды
210-нан астам ғылыми жұмыстар, оның ішінде 2 әдістемелік ұсынымдар, 1 оқу құралы және 2 өнертабыс, 5 рацепродукция жарияланды. 3 оқулықтың авторы: 2009 ж. (256 б.) “Балалардың құрсақтық қуысы ауруларының хирургиясы”; 2010 ж. “нарестелер хирургиясы”(356 б.); 2010 ж. “Балалардың іігі қабын ауруларының хирургиясы” (215 б.).
“ҚР Денсаулық сақтау үздігі”, “Алтын дәрігер”, “ҚР медицинасын дамытуға сіңірген еңбегі үшін” төсбелгілерімен және ҚР ДСМ, ҚазҰМУ рекоторатының, Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының Құрмет грамоталарымен марапатталған
Момынқұлов Айдар Ордабекұлы
МомынкуловМомынқұлов Айдар Ордабекұлы, кафедра меңгерушісі, м. ғ. к..
1971 жылы туған. 01.09.1995 жылдан бастап клиникалық ординатор, АМДЖИ балалар хирургиясы кафедрасының ассистенті және доценті. 2004 жылдан бастап “ҚазҰМУ” балалар хирургиясы кафедрасының доценті. Медицина ғылымдарының кандидаты (2001ж.). 70-тен астам ғылыми жарияланымдары бар. Жоғары санатты балалар хирургі дәрігері. Қызығушылық саласы: абдоминальды хирургия, балалардағы шұғыл хирургия
Хван Юрий Михайлович
ХванХван Юрий Михайлович, м.ғ. д., профессор.
1961 жылы туған. 1995 жылдан бастап медицина ғылымдарының кандидаты. 2010 жылдан – ҚазҰМУ балалар хирургиясы кафедрасының доценті. 2019 жылдан – ҚазҰМУ балалар хирургиясы кафедрасының профессоры. 1 оқу құралы, 22-ден астам ғылыми жарияланымдары бар. Қызығушылық саласы: балалар травматологиясы және ортопедия, оқыту (заманауи және инновациялық бағыттар)
Сұлтанқұлова Гүлмира Тұрдыбайқызы
СултанкуловаСұлтанқұлова Гүлмира Тұрдыбайқызы, м. ғ. к., доцент.
1972 жылы туған. 2000 жылдан бастап балалар хирургиясы кафедрасында жұмыс істейді. 2009 жылдан бастап медицина ғылымдарының кандидаты. 2019 жылдан – Балалар хирургиясы кафедрасының доценті. 1 оқу құралын жариялады, 47-ден астам ғылыми жарияланымдары бар. 1 авторлық куәлігі бар. Жоғары санатты балалар анестезиолог — реаниматолог дәрігері.
Смағұлова Динара Урандасқызы
СмагуловаСмағұлова Динара Урандасқызы м.ғ. к., доцент.
1977 жылы туған. 2000-2001жж интернатура, 2001-2003 ҚазҰМУ балалар хирургиясы бойынша клиникалық ординатура. ПБХГО балалар хирургы болып жұмыс істеді. 2008 ж. Колопроктология бойынша кандидаттық жұмысты қорғады, 2013 ж. ҚазҰМУ балалар хирургиясы кафедрасының ассистенті, доценті. 40-тан астам ғылыми жарияланымдары бар. Балалар хирургі
Дүйсебаев Мұрат Талғатұлы
ДуйсебаевДүйсебаев Мұрат Талғатұлы, профессор ассистенті.
1989 жылы туған. Жалпы медицина ҚазҰМУ медицина бакалавриаты мамандығы бойынша 2007 – 2012 жж. ҚазҰМУ Жалпы хирургия мамандығы бойынша Интернатура, 2012 – 2014 жж. Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы 2014 – 2017 жж. балалар және неонаталдық хирургия мамандығы бойынша резидентура. 2017-2024 жж. ШЖҚ МКК Балалар шұғыл медициналық көмек орталығы – Балалар хирургі, эндоскопист. Кейінгі жылда Кеңестік диагностикалық бөлімшесінің меңгерушісі. 2022 жылдың ақпан айынан бастап академик К. С. Ормантаевтың балалар хирургиясы кафедрасының ассистенті. 2024 жылдың ақпан айынан бастап Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында Балалар онкологиясы бөлімшесінде хирург боп жұмыс атқарады.
Қуатбеков Дархан Жақанұлы
Куатбеков Д.Ж.___1707191242.6592016Қуатбеков Дархан Жақанұлы, профессор ассистенті.
1990 жылы туған. Жалпы медицина ҚазҰМУ медицина бакалавриаты мамандығы бойынша 2008 – 2013 жж. ҚазҰМУ Жалпы хирургия мамандығы бойынша Интернатура, 2013-2015 жыл. КазМУНО 2015 – 2018 жылдардағы балалар және неонаталдық хирургия мамандығы бойынша резидентура. 2018 жылдан бастап ШЖҚ Балалар шұғыл медициналық көмек орталығы КМК Балалар хирургі. 2022 жылдың қыркүйегінен бастап академик К. С. Ормантаевтың балалар хирургиясы кафедрасының профессор ассистенті.