Жобаның тақырыбы
Орта Азияда медициналық білім беруді үлгі ретінде жақсарту үшін балалар күтімі бойынша оқытуды жетілдіру
Акроним
CHILDCA
Бағдарлама
Erasmus + жоғары білім беру сферасында потенциалды өсіру
Жоба ұзақтығы
15/01/2019 – 14/01/2022
Еуропалық Одақ гранты
€ 997.977,00
Бұл жобаның мақсаты – Орталық Азия елдерінде (Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан) педиатрия, балалар хирургиясы және балалар нейропсихиатриясы саласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді Италия, Польша және Германия университеттерімен бірлесе отырып қолдау көрсету. Жобаның үйлестірушісі – Павиа университеті (Италия).Жоба 9 жұмыс пакетін қамтиды, олардың мәні практикалық денсаулық сақтау қажеттіліктеріне сәйкес педиатрия, балалар хирургиясы және балалар нейропсихиатриясы саласындағы мамандарды дайындауға кешенді түрде бағытталған инновациялық білім беру бағдарламасын әзірлеу және енгізу. Бағдарламаның кеңінен енгізілуі педиатрлар үшін оқыту сапасын едәуір жақсартады деп күтілуде, нәтижесінде балалар өлім-жітімінің азаюына алып келеді. CHILDCA негізгі мақсаты – педиатрия саласындағы мамандарды заманауи және инновациялық оқыту арқылы Орталық Азия елдеріндегі балаларға медициналық көмекті жақсарту.
Міндеттері:
Педиатрия, балалар хирургиясы және балалар нейропсихиатриясы бойынша мамандарды даярлау үшін кіріктірілген оқу жоспарын жасау.
ЕО және халықаралық стандарттарға қол жеткізу бағытында серіктес университеттерде профессор-оқытушылар құрамының біліктілігі мен біліктілігін арттыру.
Жеке университеттер арасында тиімді виртуалды өзара әрекеттесуді жүзеге асыру үшін АКТ технологияларын енгізу.
Жұмыс пакеттері
WP1 пайдаланушының қажеттіліктерін талдау және жағдайды бағалау
WP2 педиатриялық клиникалық материалдар мен қажеттіліктерді санау
WP3 Педиатрия, балалар хирургиясы және балалар нейропсихиатриясы бойынша медициналық мамандарды дипломнан кейінгі даярлауға арналған оқу бағдарламаларын әзірлеу (кіріктірілген оқу бағдарламалары)
WP4 Педиатриялық көмектің жаңа интеграцияланған оқу жоспарлары мен оқытудың жаңа әдістерін жасауға қатысатын оқытушыларға арналған тренинг
WP5 Педиатриялық көмектің жаңа интеграцияланған оқу бағдарламасын іске асыру
WP6 Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды интерактивті оқыту, электрондық оқыту, үздіксіз білім беру, онлайн режимінде оқыту және виртуалды ұтқырлық құралы ретінде енгізу.
WP7 сапа кепілдігі
WP8 тарату және пайдалану
WP9 – тиімді және тиімді басқару
Партнерлар:
Координатор
Университет Павия (Италия)
Еуропалық партнерлар:
ULM Университеті (Германия)
Jagiellonian Университеті (Польша)
Орта Азия партнерлары
С.Д. Асфендияров атындағы Ұлттық медицина университеті (Қазақстан)
Аль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Қазақстан)
Қазақ үздіксіз білім беретін медициналық университеті (Қазақстан)
Ташкент педиатриялық медицина институты (Өзбекстан)
Бұқара Мемлекеттік медицина институты (Өзбекстан)
Авиценна Тәжік мемлекеттік медицина университеті (Тәжікстан)
Қоғамдық денсаулықсақтау дипломнан кейінгі білім беру институты (Тәжікстан)
Хатлон Мемлекеттік медицина университеті (Тәжікстан)
Ассоциирленген партнерлер
Білім және ғылым Министрлігі (Қазақстан)
Денсаулық сақтау Министрлігі (Қазақстан)
Жоғары білім беру Министрлігі (Өзбекстан)
Денсаулық сақтау Министрлігі (Өзбекстан)
Республикалық арнайы ғылыми педиатрия медициналық орталығы (Өзбекстан)
Ташкент дипломнан кейінгі медициналық білім беру институты (Өзбекстан)
Жаңалықтар және оқиғалар
Өзбекстан Республикасы Денсаулықсақтау Министрінің орынбасарымен кездесу
16 қыркүйек, Ташкентте жоба координаторы профессор Джан Баттист Париджи және жоба администраторы Мартина Алтеа Беллинцона министр орынбасарымен кездесті.
Келесі қадамдар және кездесулер: Душанбе, Тәжікстан 2020
Жобаның жұмыс тобымен Өзбекстанда кездесу кезінде партнерлар жобаны жүзеге асырудың келесі кезеңдерінде қарастырылуы қажет приоритеттік міндеттерді талқылады.
Жобаның жұмыс тобымен Өзбекстанда кездесу кезінде партнерлар жобаны жүзеге асырудың келесі кезеңдерінде қарастырылуы қажет приоритеттік міндеттерді талқылады, 2020 жылдың 8 – 10қазанында Душанбе, Тәжікстанда болатын, келесі кездесулердің мерзімдерін анықтады.
Дайындық сатыларын өтіп, ChildCA жобасы өзінің дамуының негізгі сатысына өтті. Ол бірнеше бағыттан: жаңа оқу бағдарламаларын жасау, в орталық-азиаттық партнерлық институттарда виртуальды оқыту үшін бөлмелер құру және қызметтестермен тәжірибе алмасу. Өзбекстандағы координациялық кездесу, жобаны жүзеге асырудың келесі қадамына, жаңа және заманауи оқу бағдарламаларын жасауға ерекше көңіл бөле отырып, жол бастады. Партнерлар идеалды оқу бағдарламасын дайындау үшін бірге жұмыс істейтін болады, ол кейіннен әр елдің нақты қажеттіліктеріне бейімделеді және тестілеуге енгізіледі. Ал, Бұқарадағы кездесуде жоба партнерлары, келесі оқу жылына серіктес университеттерде оқу құрылымын өзгертуді мақұлдау туралы өтінішпен ұлттық басқару орындарына оқу жоспарлары ұсынатынын көрсетті.
Жобаларды жүзеге асырудың тағы бір маңызды сәті – институттарды видеоконференция үшін жоғары технологиялық жабдықтармен қамтамасыз ету. Бұл орталық азиялық серіктестерге еуропалық әріптестерімен виртуалды дәрістер арқылы балаларды оқытудың заманауи әдістері туралы ақпараттандыруға мүмкіндік береді; Интернеттегі репозиторийдің көмегімен олар сабақтарды жинап, сақтап, студенттер мен жас ғалымдармен бөлісе алады.
Соңғы маңызды оқиға – жас ғалымдардың тәжірибе алмасу. Жақында серіктестер Еуропалық Одақта 3 апталық тәжірибеден өту үшін бірнеше жас педиатрларды таңдайды. Машықтану Еуропадағы серіктес үш университеттің әрқайсысында бір аптада өткізіледі, онда арнайы педиатриялық дайындық ұйымдастырылады. Бұл тағылымдамалар тек жобаның тұжырымдамасына еніп қана қоймайды, сонымен бірге ChildCA жобасының Орталық Азиямен ынтымақтастық туралы ЕО-ның жаңа директиваларын қалай орындайтындығын және студенттермен, ғалымдармен және зерттеушілермен алмасуды нығайтуға шақырады.
Дамудың глобальды саясаты (GLODEP) форумында ChildCA жобасының презентациясы
18 қыркүйекте жобадағы Павия Университетінің өкілдері Дамудың глобальды саясаты форумының ашылу салтанатында ChildCA жобасын көрсетті. GLODEP – бұл
18 қыркүйекте жобадағы Павия Университетінің өкілдері Дамудың глобальды саясаты форумының ашылу салтанатында ChildCA жобасын көрсетті.
GLODEP – бұл Erasmus Mundus фондының магистерлық бағдарламасы, мақсаты халықаралық даму саласын зерртеу болып табылады. Бұл бағдарлама форумы Павия Университетінің профессорына жоба туралы, қызметтестік және даму мәселелерімен айналысатын, сонымен бірге магистерлік бағдарлама қатысушы -шетел студенттері және олардың Павияда 6-ай болатыны жайлы айтуға жақсы мүмкіндік берді. Студенттер ChildCA және оның мүмкіндіктері туралы сұрақтар қойып, пікірталасқа белсенді араласқанын атап айтуға болады.
ChildCA презентациясы Павия Университетінің халықаралық қызметтестіктің жобаларына арналған сессиясына кірді.
«Орталық Азиядағы оқу бағдарламаларын талдау бойынша педиатрия саласында мамандандырудың негізгі құжаты» жарияланды. CHILDCA жобасының бірінші нәтижесі: «Орталық Азиядағы оқу бағдарламаларын талдау бойынша педиатрия саласында мамандандырудың негізгі құжаты».
Ұзақ талқылаудан кейін CHILDCA жобасының алғашқы нақты нәтижесіне қол жеткіздік: «Орталық Азиядағы оқу бағдарламаларын талдау бойынша педиатрия саласында мамандандырудың негізгі құжаты» дайын.Бұл Бұқарада стажерларды бағалауға қатысқан, UEMS – еуропалық медицина мамандарының одағымен партнерлығымен бірге қол жеткізген нәтиже болып табылады (4 тарау).Бастапқы құжат Орта Азия университеттерінде жаңа педиатриялық бағдарламаларды жасаудың негізі болады.
Контактылары
Павия Университеті
Халықаралық қатынастар офисі
Корсо Страда Нуова/Corso Strada Nuova, 65
27100 Павия – Италия
Электрондық адресі [email protected]
Бұл жоба Еуропалық одақ қолдауымен финансирленді. Бұл веб-сайт тек автордың көзқарасын көрсетеді, комитет мұндағы қолданған ақпараттарға жауап бермейді.
29.10.2020. для ВУЗ мониторинг доклад 03.11.2020 НЕО.