Педиатрия мектебіінің профессор Н.А.Барлыбаева атындағы Балалар аурулары кафедрасының тәлімгері ұйымдастырылуымен 19 қараша күні сағат 15.00 -17.00 аралығында Халықаралық педиатр күніне арналған: «Педиатрия – ерекше мамандық», «Педиатрия –лучшая профессия», «Pediatrics is the best Profession» тақырыбына Кәсіби бағдарланған студенттік конференциясы кафедраның клиникалық базасы №2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасының конференция залында өткізілді.
Кештің ашылу салтанатында П-23-005 және П-23-006 топтар тәлімгер профессор ассистенті, медицина ғылымының магистрі Сагимова Райхан Шырынбайқызы құттықтау сөз сөйледі, Педиатрия мектебінің 2курс студенттерін Халықаралық Педиатр күні – Кәсіби мерекелерлерімен құттықтады, Педиатрия –ерекше мамандық екені даусыз. Барлық студенттерге оқуда озат, ізденімпаз әрі еңбекқор, талапты болуға шақырды.
Конференция жүргізушісі Педиатрия мамандығының 2курс П-23-006 топ студенті Якуп Диляра өте шебер ұйымдастыра білді.
«Білікті педиатр дені сау ұрпақтың кепілі» тақырыбына Педиатрия мамандығының 2курс П-23-005, П-23-006 топ студенттері: Құрманғалы Ұлжан, Шәкірт Ақзере, Махмет Бибінұр, презентация дайындады.
Мұқағали Мақатаевтың «Болашақ дәрігерге» өлең жырын Педиатрия мамандығының 2курс, П-23-005 топ студенті Қуатбай Алтын мәнерлеп оқыды.
«Педиатр – ерекше мамандық» студенттік конференциясын баяндама жасаған Педиатрия мамандығының 2курс П-23-006 топ студенті Якуп Диляра Талғатқызы жүрек қалауымен таңдаған мамандығын меңгеру қиындығымен қатар өз ерекшелігі, жетістігі бар екендігін атап өтті. Қиын әрі қызықты медицина жолында табанды болуға шақырды.