Ұлыстың ұлы күні, жаңару мерекесі — Наурыз мейрамы қарсаңында балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасының оқытушылары мен студенттері қазақ халқының «Сырға салу», «Тұсау кесер» және «Бесікке салу» сияқты терең мағыналы салт-дәстүрлерінің сұлулығын паш етті. Сондай-ақ, іс-шараға қатысушылар «Асық ату» ұлттық ойыны арқылы ата-бабалар мұрасымен сусындады.





