КЕАҚ С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің халықаралық ынтымақтастық бойынша университет алдында тұрған негізгі міндеттерді шешу үшін Бала аурулары пропедевтикасы кафедрасының қызметкерлері:
1) жоғары білікті мамандарды, оның ішінде ТМД елдері мен алыс шет елдер үшін даярлау. Кафедрада модульдік жүйе бойынша РФ, Өзбекстан, Тәжікстан, Үндістан, Пәкістан студенттері оқытылды. Сонымен қатар, ҒЗЖ және СҒЗЖ аясында ҚР студенттері кафедраның ПОҚ басшылығымен халықаралық конференциялар мен конгресстерге үнемі қатысады;
2) қазіргі қоғамның әлеуметтік және экономикалық міндеттерін тиімді шешу үшін білім берудің жоғары сапасының және білім мен технология көздерінің негізі ретінде фундаменталды және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу. БАП кафедрасының қызметкерлері “Визитинг профессор” бағдарламасы және академиялық ұтқырлық бойынша тұрақты жұмыс жүргізуде. Сонымен, соңғы екі жылда ғана Ресейден (проф.Овсянников Д. Ю., проф. Соловьева И. Л.), Қырғызстаннан (проф. Сулайманов Ш. А және доцент Чернышева Е. А.), Өзбекстан (Базарова Н.С., Раббимова Д.Т.) және Түркия (проф. Ширин Гувен);
3) кәсіптік білім берудің әртүрлі деңгейлерін интеграциялау. Кафедра қызметкерлері «Ресейдің неонатологтар қауымдастығы» (2012 жылдан бастап), «Ресей Педиатрлар Одағы» (2015 жылдан бастап), «Халықаралық педиатриялық респираторлық қауымдастығы» (2018 жылдан бастап) ұйымдарында толық мүше болып табылады. Халықаралық конференциялар мен Конгресстерде: «Ана мен Бала» VI Халықаралық ғылыми-білім беру форумы, 2023 жылғы 19-20 мамыр, Алматы; Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Салауатты Ұрпақ-Қазақстанның Болашағы» Халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференциясы, 2023 жылғы 1-2 мамыр, Алматы; «Адам және дәрі – Қазақстан» ХVI халықаралық конгресі, 2023 жылғы 6-7 қыркүйек, Алматы; «Бала және қоғам: Денсаулық, даму және тамақтану мәселелері» ТМД елдері педиатрларының Х мерейтойлық Конгресі, 2023 жылғы 14-16 қыркүйек, Бостери, Қырғызстан; BioGaia халықаралық конгресі, 2023 жылғы 21-22 қыркүйек, Алматы; Қазақстан анестезиологтары мен реаниматологтарының IV съезі, 12-14 қазан 2023, Алматы баяндамаларымен қатысты.