Құрметті әріптестер!
С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің Педиатрия мектебі және профессор Н.А. Барлыбаева атындағы Балалар аурулары кафедрасы Сіздерді 2025 жылғы 5 желтоқсанда Алматы (Қазақстан) қаласындағы С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінде өтетін студенттер, интерндер және педиатриялық профильдегі резиденттерге арналған «Young Pediatric Researcher-2025» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысуға шақырады. Конференция офлайн режимде және қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып өтеді.
Ғылыми конференциясының мақсаты педиатриядағы жаңа ғылыми және практикалық нәтижелерді талқылау, идеялармен алмасу, бірлескен зерттеу бағыттарын іздеу және ынтымақтастықты нығайту; жастардың ғылыми әлеументін арттыру және күшейту.
Ғылыми конференциясының негізгі міндеті – педиатриядағы жас мамандардың кәсіби өзін-өзі жүзеге асыруына арналған кеңістікті қалыптастыру және олардың қазіргі педиатрияның өзекті мәселелерін шешуге қатысуы, сонымен қатар ғылыми жұмыстарын жариялау үшін тамаша мүмкіндік болып табылады!
Конференцияның негізгі ғылыми бағыттары:
- Заманауи педиатриядағы клиникалық аспектілері
- Неонатологиядағы өзекті мәселелері
- Балалардағы анестезиологиясы мен реанимациясындағы өзекті мәселелері
- Поликлиникалық педиатриядағы өзекті мәселелері
- Балалардағы жұқпалы ауруларындағы өзекті мәселелері
- Балалардағы орфандық ауруларды диагностикалау мен емдеудің өзекті мәселелері
- Балалардағы хирургиясындағы өзекті мәселелері
- Балалардағы ауруларын диагностикалаудың жаңа әдістерін қолдану
- Балалардағы аурулардың емделуі мен алдын алудағы жаңа мүмкіндіктер.
Жұмыс тілдері – қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі.
Конференцияға қатысу формалары:
- Ауызша баяндама + публикация
- Тек ауызша баяндама
- Тек публикация
- Постерлік презентация
Ауызша баяндаманың ұзақтығы 10 минут.
Конференцияға қатысуды қалайтындар 2025 жылғы 21 қарашаға дейін тіркеу формасы (Қосымша 3) мен тезистерді (Қосымша 1) мына электрондық поштаға жіберуі қажет: [email protected]. Жоғарыда аталған пункттердің біреуі болмаған жағдайда, жарияланатын материалдар қабылданбайды. Постерлік презентациялар талаптарға сәйкес дайындалады (Қосымша 2).
Конференцияға қатысу тегін.
Конференция барысында «Ең үздік баяндама» конкурсы өткізіліп, I, II, III орындарға арналған сыйлықтар мен құрмет грамоталары табыс етіледі
Конференция ұйымдастыру комитеті:
- профессор Н.А. Барлыбаева атындағы Балалар аурулары кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, Гульнара Талиповна Ташенова, e-mail: [email protected].;
- ассоц.профессор, PhD Алтынай Женисовна Садыкова, e-mail: [email protected], сот.тел.:+7701 7316693;
- ассоц.профессор Асель Кайратовна Тулебаева, e-mail: [email protected];
- професор ассистентi Динара Мейрамовна Демеубаева, e-mail: [email protected],
- професор ассистентi Албакова Альбина Альвертовна [email protected]
- професор ассистентi Абдрахманова Гулим Маратовна, [email protected]
Өтетін орны: С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті, 7 оқу корпусы, Масанчи көшесі 38, Аудитория №4, Академиктер залында, тіркеу сағат 08:00 басталады.
Конференциямызда кездескенше!
Қосымша 1
Тезистерді рәсімдеу талаптары:
- Көлемі 800 сөзге дейін
- Microsoft Word 2003 және одан жоғары
- Бет параметрлері: үстіңгі жиек – 2 см, астыңғы жиек – 2 см, сол жиек – 2 см, оң жиек – 2 см
- Шрифт: Times New Roman, KZ Times New Roman; шрифт өлшемі – 12pt
- Жол аралығы: бірлік; абзацтық шегініс – 1 см; кітап беті; колонтитулсыз және бет нөмірлерінсіз; мәтін толық теңестірілген
- Тезистер графиктерді, кестелерді, суреттерді немесе фотосуреттерді қамтымауы тиіс
- Тезистермен бірге файлда авторлар туралы мәліметтер (қатысу өтініші) болуы керек; файлды фамилияңызбен атаңыз.
Конференция ұйымдастыру комитеті негізгі бағыттардан тыс жарияланған баяндамаларды және жоғарыда аталған талаптарға сәйкес келмейтін тезистерді қабылдамау құқығын сақтайды. Мәтін стилистикалық және техникалық тұрғыдан өңделуі тиіс. Ұйымдастыру комитеті тезистердің мәтінін өңдеуді жоспарламайды. Бір адам екі баяндамада автор немесе соавтор бола алмайды.
Көрсетілген мерзімнен кейін ұйымдастыру комитетіне түскен өтініштер қарастырылмайды.
Қосымша 2
Постер презентация дизайнына қойылатын талаптар:
- Постер презентациясының тақырыбы;
- Автор(лар)дың толық аты-жөні;
- Зерттеу жұмысының жетекшісінің Т.А.Ә.;
- Мекеменің, қаланың, елдің атауы;
- Негізгі бөлім (кіріспе, әдістер, нәтижелер, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі);
- 6. Постер өлшемдері – 95 x 110 см (плакат PDF форматында берілген)
Қосымша 3
Конференцияға қатысушының тіркеу нысаны
“Young Pediatric Researcher -2025“
Қатысушының Тегі, Аты, Әкесінің аты | |
Жоғары оқу орнының, ғылыми орталықтың, медициналық ұйымның атауы | |
o Студент o Интерн o Резидент (Қажеттісін белгілеу) Курс пен мамандықты көрсету | |
o Конференцияға қатысу формасы. Тиісті ұяшықты белгілеңіз (+): o Ауызша презентация + Басылым (Презентация атауы) | |
o Тек ауызша баяндау | |
o Тек публикация | |
o Тек постер презентациясы | |
Ғылыми жетекші | |
Байланыс телефоны, E-mail |