Дене шынықтыру кафедрасы студенттермен тәрбие, спорттық-сауықтыру жұмыстарын белсенді түрде жүргізеді.
Дәстүрлі түрде Алматы қаласы ЖОО студенттері арасында «Движение – жизнь, здоровье, активное долголетие!» атты спорттық-сауықтыру Спартакиадасы өткізіледі.
Кафедрада ҚазҰМУ спорт клубы жұмыс жасайды, сабақ уақытынан тыс спорттық-бұқаралық іс-шаралар, жарыстар және жаттығу сабақтары жүргізіледі. Қазіргі таңда, ҚазҰМУ-да 500-ден аса студент спортпен айналысады, соның ішінде, 18 спорт түрінен жаздық және қыстық ҚР ЖОО-ры арасында өтетін Универсиадаларға, Республикалық және қалалық жарыстарға дайындау мақсатында спорттық секциялар жұмыс жасайды. ҚазҰМУ футбол және баскетбол құрама командасы Ұлттық Студенттік Лига жарысына қатысады.
Кафедра мен спортклуб бірігіп бірінші курстар арасында Спартакиада, түрлі спорттан мектептер аралық жарыстар және жатақханада тұратын студенттер арасында жарыстар өткізеді.
Кафедрада студенттерді Олимпада чемпиондарымен кездесулер ұйымдастырылады: (атақты тұлғалармен және мемлекет, университет қайраткерлерімен студенттерді кездестіру) «Формула успеха» бағдарламасы аясында 1980 жылғы Мәскеуде өткен греко-рим күресіненОлимпиада чемпионы, Әлем чемпионы Жақсылық Үшкемпіров Әмірәліұлымен кездесу болды. ЖОО арасында өткен Спартакиаданың құрметті қонағы бокстан Олимпада чемпионы Ермахан Ибраимов болды. Қазақстаннан шыққан бірінші Әлем Чемпионы, үш дүркін Қазақстан Чемпионы (2013, 2014, 2015), Әлемнің екі дүркін Чемпионы Назым Қызайбайдың қатысуымен ашық жаттығу өткізілді.
Алматы қаласы бойынша жыл сайын өтетін дәстүрлі велошеру марафонына кафедра оқытушылары мен ҚазҰМУ студенттері қатысады.
Кафедра жыл сайын ҚР халқының физикалық дайындығы бойынша президенттік тест жарысы өткізіледі, ҚазҰМУ студенттері мен профессор-оқытушылар құрамы белсенді қатысады.
Кафедра шынықтыру жұмысы бойынша ҚР халықаралық конфессиналды келісім және халықаралық нығайту, жемқорлық, терроризм және экстримизмді болдырмау жөнінде белсенді түрде жұмыстар жүргізеді. Денсаулықты нығайту, студенттердің спортқа деген көзқарасын жоғарылату, белсенді салауатты өмір салтын қалыптастыру, балалар үйіне қамқорлық жасау аясында іс-шаралар өткізіледі. Сонымен қатар, кафедрада туберкулезге қарсы профилактикалық әрекеттерді жандандыру, өз денсаулығын сақтауға қалыптастыру және жеке бастың гигиенасын сақтауға арналған іс-шаралар жүргізіледі.Конституция,Алматы қаласы күні, Тәуелсіздік, ҚР-ның Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Қазақстан 2050 бағдарламасы»тақырыптарында университет деңгейінде ауқымды іс-шаралар атқарылады.