“Наурыз” мерекесін Балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасында 3-курс студенттері педиатрия және жалпы медицина факультетімен атап өтілді.
2023 жылдың наурыз айында Балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасында Наурыз мерекесі аясында”Армысың әз-наурыз” атты мерекелік іс-шара өткізілді
Аталған іс-шараның мақсаты-қазақ халқының Наурыз мерекесін көрсету,. студенттерді ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарға баулу. Олар туралы қарапайым түсінік беріп қана қоймай, ұлттық дәстүрлерді ата-баба мұрасы ретінде тануға, құрметтеуге, түсінуге және жалғастыруға үйрету.
“Армыстың әз-наурыз” мерекелік іс-шарасын кафедра меңгерушісі Үмбетова Луиза Жексенқызы Жалпы медицина мектебінің 3 курс студенттерімен және педиатрия мектебінің 3 курс студенттерімен өткізді.
Студенттік конференция:”жастар арасындағы суицидтің алдын алу”
2023 жылдың қараша айында Балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасының оқытушысы Абирова Айсара Чиембековна педиатрия факультетінің 3-курс топтарымен “жастар арасында суицидтің алдын алу” атты студенттік конференция өткізді. Бұл конференция Студенттердің өмірге деген сүйіспеншілігін дамыту, асығыс шешім қабылдамау мақсатында өткізілді. Туындаған мәселелермен күресуді үйрену, депрессияға түспеу, мұғалімдер, достар, психологтар арасында қолдауды қалай табуға болады. Соңында студенттер өздерінің өмірінде кездескен жағдайларымен бөлісе білді