ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы ерте даму және араласу бағдарламасында

Балаларды ерте дамытудың халықаралық стандарттарын енгізу

ҚР ДСМ, ЮНИСЕФ және Педиатрия мектебінің бірлескен жобасы

ҚР ДСМ Денсаулық сақтау және балаларды ерте дамыту бағдарламаларының басшылығымен бірлесіп ЮНИСЕФ (Қазақстан) халықаралық сарапшылардың қатысуымен ҚР барлық өңірлерінен келген педиатриялық бейіндегі мамандар үшін ерте даму мониторингі нұсқаулығы (ЕДМН/РМРР/GMCD) және ерте араласу бойынша басшылық қағидаттары бойынша оқытуға бастамашылық жасады.

Оқытуға Педиатрия мектебінің қызметкерлері – Балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасының меңгерушісі Нұргүл Абайқызы Сағатбаева және амбулаториялық-емханалық педиатрия кафедрасының профессоры Жанар Женісқызы Нұрғалиева тартылып, ЕДМН бойынша халықаралық жаттықтырушылар сертификаттары және ерте араласу бағдарламасы берілді. ЕДМН бойынша сертификаттау курстары Астана қ. Республикалық МСАК орталығында 26.01-31.01.2026 сәтті өткізілді, онда Н.А. Сағатбаева мен Ж.Ж. Нұрғалиева халықаралық жаттықтырушылар рөлінде қатысты. ЕДМН бойынша тренингтің алғашқы тыңдаушылары Астана қаласының МСАК мамандары — патронаждық медбикелер, педиатр дәрігерлер, ЖПД болды.

Ерте араласудың тұжырымдамалық негіздері мен дағдылары (ЕА) бойынша тренингті Eurlyaid (Еуропалық ерте араласу қауымдастығы/European association on early childhood intervention) халықаралық сарапшылары 09.02-13.02.2026 ж. өткізді. Тренинг бағдарламалары өте мазмұнды әрі қызықты болды. Барлық қатысушылар жоғары белсенділік танытты.

2026 жылдың қаңтарында ҚР Үкіметі 2026-2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» бірыңғай Тұжырымдамасын қабылдады. Тренингтерде қаралған мәселелер Тұжырымдамаға енді. Балалар денсаулығы мен үйлесімді дамуын жақсарту үшін Қазақстанда ЕДМН-ны кеңінен енгізу және ЕА-ны жетілдіру жоспарлануда.

Іс-шарадан фоторепортаж

ЕДМН және ерте араласудың тұжырымдамалық негіздері бойынша тренинг сәттері (2026 ж.)