Студенттік қоғамда жыл сайын 2-4 курстардан 40-70 студент оқиды. Оқу жылы ішінде СҒҚ отырыстары ай сайын, соның ішінде ҚазҰМУ клиникалық базаларында өткізіледі. ЖММ және ПМ студенттері жыл сайынғы «Студенттік ғылым» конференцияларында баяндама жасайды.
Баяндамалар орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде дайындалды және жасалды:
2021 жылдың наурыз айында ЖММ-нің 2 және 4 курс студенттері Жақанбай Сымбат пен Қошанова Сабина «Гиподинамия» тақырыбына баяндамамен ассистент Е.Д.Есжанованың жетекшілігімен «Шексіз шығармашылық» номинациясы бойынша ғылыми байқауда жеңімпаз атанды.
2023 жылы 8-9 наурызда Бухара мемлекеттік медицина институтының ұйымдастыруымен өткен «От учения Абу Али ибн Сина – до третьего РЕНЕССАНСА» атты студенттерінің III халықаралық олимпиадасында кафедра меңгерушісі, м.ғ.к. Сағатбаева Н.А. жетекшілігімен ПМ-3 курс студенті Нұрғазина Айжан қатысты.
2023 жылы 14-15 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен «Тәжірибеден жобаға» атты III Халықаралық студенттер мен жас ғалымдар конференциясында доцент, PhD докторы Сайранқызы С. жетекшілігімен Халықаралық факультетінің 3 курс студенттері Исмаилова Д., Жұматова А., Қинаятова И. Modern understanding of celiac disease in adults тақырыбында баяндама жасады.
2023 жылы қыркүйек айында И.К.Ахунбаев атындағы Қырғыз мемлекеттік медицина академиясы ұйымдастырған «Педиатрия на стыке поколений» 8-ші халықаралық педиатриялық ойындарында Халықаралық факультет – 4 курс студенттері Исмаилова Д., Жұматова А., Қинаятова И. 3 орын иеленді. Ғылыми жетекшісі кафедра доценті, PhD Сайранқызы С.
2023 жылы 8 желтоқсанда С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Н.А.Барлыбаева атындағы балалар аурулары кафедрасының ұйымдастыруымен студенттердің, интерндердің, резиденттердің «Young pediatric researcher» ғылыми-практикалық конференциясында «Evaluation of the effectiveness of antenatal prevention of respiratory distress syndrome in the fetus» баяндамасымен ХФ 4 курс студенттері Исмаилова Д., Жұматова А., Қинаятова, сонымен қатар ПМ 3 курс студенттері Ысқақ Қ., Ерсейітова А. ., Жарылқасынова А., Бейбіт А., Құдайбек Н. «Long-term outcomes in preterm infants with extremely low and low birth weight» тақырыбында баяндама жасады. Ғылыми жетекшісі кафедра доценті, PhD Сайранқызы С.