Кафедра Ресейдіңжоғарғы оқу орыны Новосібірлік Мемлекеттік Медициналық Университетінің ғалымдарымен бірлесіп жұмыс жасайды. НММУ бірге жұмыс жасау қатынасы кафедраның Визитинг-профессорды шақырумен қалыптасып, ҚазҰМУ-да НММУ дене тәрбиесі кафедрасының доценті Дубковская Л.А. жұмыс жасады. Бірге жұмыс жасау Ресей және Қазақстанның жоғарғы оқу орындарының білім алушылары сауықтыру аэробикасына тест жүргізуі арқылы жалғасуда.
Басты назар ТЖ жағдайында жұмыс істейтін дәрігердің ой-өрісін дамытуға бөлінеді. Т.Қ.Н. курсы «Тіршілік қауіпсіздік негіздері» пәнін барлық мамандықта оқитын 1,2,3 курс студенттеріне оқытады.Курс қызметкерлері халықаралық ынтымақтастықта белсенді рөл атқарады. 2014 ж. курста ОПҚ және студенттерге арналған «Қазіргі заманның кауіпті көріністері» атты Тюмендік мемлекеттік медицина академиясындағы медициналық апат және денсаулық сақтау мобилизациялық дайындық кафедрасының меңгерушісі, визитинг-профессор А.В.Шидин мастер-класс ұйымдастырды.