Бала аурулары пропедевтикасы кафедрасының қызметкерлерінің 80% – ы жоғары білікті дәрігерлік санатқа, – 10% – ы бірінші, 10% – ы екінші санатқа ие. КЕАҚ С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті клиникалық пәндер кафедраларының профессор-оқытушылар құрамының клиникалық жұмысы туралы Ережесіне сәйкес, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің «Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымының клиникалық базасы, клиникасы, университеттік аурухана, резидентура базасы, интеграцияланған академиялық медициналық орталық және оларға қойылатын талаптар туралы Ережелерді бекіту туралы» 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-304/2020 бұйрығына сәйкес – кафедрада қызметкерлері арасында орындау 60% – дан астамды құрайды.
Бала аурулары кафедрасының қызметкерлері клиникалық базаларда – ДСБ ШЖҚ №2ҚКБА, УК “Ақсай”, ДСБ ШЖҚ ОҚА, Сұңқар МО -да емдік-кеңестік көмек көрсетеді: онда клиникалық талдауларға, консилиумдарға қатысады, ауру тарихының сараптамалық қорытындыларын өткізеді, өлім себептерін зерттеу комитетінің және патолого-анатомиялық конференцияларға қатысады. Оқу бөлмелері студенттердің практикалық сабақтарға қол жеткізуін қамтамасыз ететін оқытылатын клиникалық пәнге/модульге сәйкес жабдықталған. №2ҚКБА және “Ақсай” клиникалық базалары ҚазҰМУ мен бірлескен қызметі туралы шартпен қамтамасыз етілген.
Бейіндік жұмыс жоспарына сәйкес кафедраның ПОҚ өзінің клиникалық базаларының емдеу жұмыстарына белсенді қатысады, “Аурухана кеңесінің” құрамына кіреді (Батырханов Ш.К., Сағатбаева Н. А.), бұл басқарушылық шешімдер қабылдауға ықпал етуге мүмкіндік береді; “Формулярлық комиссия” құрамында (Абдуллаева Г. М.). клиникалық жағдайларды зерттеу және талдау бойынша үлкен жұмыс атқарылуда. Жүргізілген клиникалық зерттеулердің нәтижелері бойынша өнертабыстарға 3 патент алынды: “Жайылмалы склерозды болжау тәсілі” Шарапханова А. М. (16.10.2020.); «Бронхөкпе дисплазиясы ауруына шалдыққан баласы бар жанұялардың медициналық-әлеуметтік сипаттамаларын және медициналық белсенділігін оқып зерттеу үшін жүргізілген сауалнама» Сайранқызы С. (13.11.2021.); “Перинаталдық қаупі жоғары топтағы шала туылған нәрестелердегі тамақтану жағдайының бұзылуын диагностикалау әдісі” Абдуллаева Г. М. (06.05.2022.); емдеу мекемелерінің клиникалық-диагностикалық практикасына енгізілген.
Кафедра қызметкерлері «Педиатриялық тәжірибеде қызуды түсіретін дәрілер», «Шала туылған нәрестелерді қоректік қолдау», «Табиғи тамақтану: аналар мен әріптестерге кеңестер» семинарларын және «Д дәрумені және балалардың танымдық қабілеттерін дамыту», «Балалардағы пневмонияның клиникалық-рентгендік диагностикасы туралы сұраққа» семинарларын өткізді, қаланың тәжірибелік дәрігерлеріне мастер-класстар, «Дүниежүзілік балаларды қорғау күні» және «Ашық есік күні» қайырымдылық акцияларына қатысады.