Кафедра жұмысының маңызды бағыттарының бірі-Тәрбие жұмысы.
Мақсаты-жоғары мәдениеті, интеллектуалдылығы, әлеуметтік белсенділігі, азамат-патриоттық қасиеттері бар, кәсіби жоғары білімі бар болашақ бәсекеге қабілетті маманның тұлғасын жан-жақты дамыту
Кафедраның тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес жыл сайын түрлі іс-шаралар өткізіледі: конференциялар, дөңгелек үстелдер, кездесулер.
Кафедраның эдвайзерлері, кураторлары мен ПОҚ жыл сайын кафедраның тәрбие жұмысының жоспарын әзірлейді және бекітеді, оған сәйкес эдвайзерлік сағаттар өткізіледі, сондай-ақ жастар арасында нашақорлық пен маскүнемдіктің алдын алу, құмар ойындарға әуестену, әлеуметтік желілерге шамадан тыс әуестену және т. б. сияқты қазіргі жастардың өзекті мәселелерін қозғайтын тәрбие іс-шаралары ай сайын өткізіледі.
Кафедрада түрлі іс-шаралар өтеді:
Тәуелсіздік күні, ҚР Мемлекеттік рәміздері күні, педиатриялық қызмет ардагерлерімен кездесу, балаларды қорғау күні, Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні, салауатты өмір салтын насихаттау.Кафедраның тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес жатақхана студенттерімен, кураторлық топтармен кездесулер өткізіледі. “Студенттің құқықтары мен міндеттері”, “Менің студенттік өмірім”, “Терроризм – қоғамға қауіп”, “бірге өмір сүрейік!»
“25 Қазан – Республика күні” іс-шарасы студенттер үшін тәуелсіз Қазақстанның тарихын тереңірек түсінуге және ұлттық сананы нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды. Іс-шараны өткізу барысында студенттердің белсенділігі мен қызығушылығы жоғары деңгейде көрінді. Бұл мереке студенттердің өз елімен мақтануына, ұлттық құндылықтарды бағалауына және патриотизм сезімін қалыптастыруына үлкен үлес қосты. Іс-шараның негізгі мақсаты-студенттердің Қазақстан Республикасының тарихы мен мәдениеті туралы білімдерін кеңейту, Тәуелсіздік құндылықтарын насихаттау және жастардың патриотизмін дамыту. Еліміздің үлкен мерекесін Пед23-002 ; Мед23-001 ; Мед23-002 студенттері атап өтті.Бүгінгі мерекеге байланысты студенттер арасында викториналар өткізіліп, Отан туралы өлеңдер мен әндер оқылды.
Біздің көк туымыз желбіреп, еліміздің мәртебесі көтерілсін!Баршаңызға зор денсаулық, бақыт пен амандық, еңбекте табыс тілейміз.Ұлттық мереке-Республика күні құтты болсын! 2025 жылғы 24 қазанда УК Ақсай балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасы ұйымдастырған іс-шара
Іс-шараны ұйымдастырушылар балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасы: профессор ассистенті Жұманбаева К. Р.; профессор ассистенті Тургимбекова Н. Ж.;
12.12.2025 жылы МҚКБ №2 базасында Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арналған іс-шара өткізілді. Іс – шара барысында педиатрия факультетінің 3-курс топтарымен мазмұнды және танымдық презентациялар тыңдалды.
Өткізілген тәрбие сағаты патриоттық сезімді қалыптастыруға, Қазақстанның тарихы мен мәдениетін құрметтеуге, сондай-ақ мемлекеттің орнықты және перспективалы дамуы үшін Тәуелсіздіктің маңыздылығын түсінуге ықпал етті.
2025 жылы Ақсай ауруханасында базасында “Конституция – жастардың құқықтық мәдениетін, мемлекет пен қоғам бірлігін дамытудың негізі”тақырыбында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел П25-025 топтарымен кафедра ассистент профессоры Тургимбекова Н,Ж өткізілді.Жұмыс барысында мынадай мәселелер талқыланды: азаматтық қоғам құрудағы ҚР Конституциясының рөлі, жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастырудағы Конституцияның рөлі, жоғары білім беру ұйымдарындағы студенттердің мінез-құлқының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары, студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру.
Бұл іс-шаралар студенттердің заңдылықты сақтаудың және әр азаматтың құқықтарын құрметтеудің маңыздылығын түсінуін тереңдетуге, олардың болашағы мен өз елінің болашағына саналы көзқарасты қалыптастыруға ықпал етті.
2025 жылдың қараша айында 3-курс студенттерімен, Педиатрия және ЖМ факультетінің студенттерімен Испуллаева С,Х. “Студенттер арасында суицидтің алдын алу”тақырыбында әңгіме өткізді. Бұл іс-шараның міндеттері: студенттер арасында суицид проблемасының негізгі түсініктері мен тәсілдерін бөліп көрсету, суицидтік мінез-құлықтың себептері мен алдын алу шараларын қарастыру. Әңгімелесу барысында студенттерге осы тақырып бойынша бейнероликтер көрсетілді.







