Неонатология кафедрасы Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы Облыстық балалар клиникалық ауруханасы «Шала туылған балалар күніне» арналған ғылыми-тәжірибелік конференция 17 қараша, 2023 жыл

Конференцияның өтетін орны: «Облыстық балалар клиникалық ауруханасы» (Өтеген батыр ауылы, Тәуелсіздіктің 10 жылдығы, 35)

Қазақ Ұлттық медицина университетінің неонатолоогия кафедрасының қызметкерлері Алматы облысы облыстық балалар ауруханасында «Шала туылған балалар күніне» арналған ғылымы тәжірбиелік конференциясын ұйымдастырды. Конференцияда неонаталды көмекті күшейту үшін және нәрестелер өлімін төмендетуге бағытталған, елімізде жүргізіліп жатқан шаралар туралы айтылды, яғни жаңадан құрсатырылған неонаталды көмек көрсетуді ұйымдастыру. Стандарты және клиникалық хаттамалар, неонатолог дәрігерлердің және резиденттердің білімін жоғарлатуға арналған онлайн журналды клуб, перинаталды өлімнің конфедициалды аудиты туралы айтылды. Конференцияда шала туылған балалардың РДС синдромын емдеуге бағытталған Жаңа Еуропалық консенсуста бекітілген клиникалық ұсыныстар көрсетілді және кафедрада жүргізіліп жатқан шала туылған балаларды күту бойынша ғылыми жұмыстардың нәтижелері талқыланды.