2010 жылдан бастап университетте реоорганизация іс-шараларына байланысты кафедра жаңа статусқа ие болды- «Неонатология» кафедрасы ретінде жеке бөлініп шықты , оның меңгерушісі болып м.ғ.д., профессор Тастанбеков Б.Д тағайындалды.
Батыр Жунусович кафедраның клиникалық базаларында құрсақішілік инфекциялар және перинаталды патология тақырыптарындағы ғылыми-зеріттеу жұмыстарымен басқарады.
Тастанбековым Б.Д. –ң 100 аса жұмыстары басылымға шықты, оның ішінде 1 монография, оқу әдістемелік құралдары, әдістемелік ұсыныстар .ТМдД елдерінде қолданылатын бас ми және жұлын зақымдалуларының жіктемесінің авторларының бірі болған. Ол 10 кандидат , 1 ғылым докторын дайындаған, қазіргі таңда оның қол астында 3 кондидаттық және 2 докторлық диссертациялар жазылуда. Дәрігер-интерндер мен резиденттердің дайындығын жүргізуде.
Неонатология пәнін оқудағы мақсаттар мен міндеттер
Неонатология — (лат. neonatus — нәресте) – нәрестелердің физиология ерекшеліктері мен дерттеріне негізделген педиатрияның бір бөлігі .
Неонатологияны өз алдына педиатрияның жеке бөлімі ретінде ХХ ғасырдың 60-шы жылдары бөліп шығарды.
Неонатологияның негізгі бағыттары:
- Ұрық пен нәрестеге әсер ететін зиянды факторларды зеріттеу;
- Құрсақтан тыс өмірге бейімделуде нәрестенің функционалды және метаболикалық бейімделуін зеріттеу;
- Иммунитетінің құрылуын зеріттеу;
- Нәресте дерттерін анықтау және арнайы емдеу әдісткрін табу.
Кафедра стратегиясы
- Мемлекетіміздің перзетханаларына, перинаталды орталықтарына, реанимация және шұғыл ем,нәрестелер патология бөлімшелеріне білікті мамандар дайындап шығару.
- ҚР аймақтарында және Алматы қ. Неонаталды көмекті жетілдіруге қатысу
Кафедраның ғылыми жұмысының бағыттары:
- Өте аз салмақты және экстремалды аз салмақты нәрестелер күтіміндегі жоғары технологиялар
- Нәрестелердің өтпелі жағдайлары
- Нәресте өмірінің алғашқы сағаттары
- Науқас және дені сау ШТН және МТН тамақтандыру
- Катамнез – ШТН және МТН өмір сапасын зеріттеу
- Нәрестелердің респираторлы емі
Оқыту технологиялары
- Нәрестелерге шұғыл көмекті көрсету манекендермен жұмыс жасау арқылы үйрету
- Интерактивті семинарлар
- Оқу үрдісіне арналған видиороликтер мен фильмдерді қолдану
- Материалдар мен клиникалық жағдайларды жинау арқылы тақырыптарды түсіну
- Оқыту технологияларының негіздері – дәлелді медицина принциптерінде жүргізіледі
Неонатология мамандығы бойынша резидентура
Оқу мерзімі: 2 жыл
Оқу шарттары: резидентураға анестезиология, реаниматология, педиатрия немесе неонатология мамандықтарын бітірген дәрігер интерндар немесе ЖОО жоғары баллмен бітірген студенттерге түсуге болады .
Толық мәліметтерді университетіміздің сайтынан ала алсыздар.
Оқу үрдісіне кіреді:
- Пәнді тереңірек оқу.
- Алматы қаласының клиникалық базаларында жұмыс жасау
- Конференциялар мен конгресстерде қатысушы немесе баяндаушы ретінде қатысу.
- Жеке ғылыми жұмыспен айналысып, жинаған материалдарды басылымға шығару
Резиденттердің кураторы – неонатология кафедрасының доценты, м.ғ.д. Божбанбаева Нишанкуль Сейтбековна, тел: +7 777 182 08 65, e-mail:[email protected]